26.10.2015
Эйр Астана елордалық әуежайдан Дубайға рейстерді қайта жаңартады

Енді Біріккен Араб Әмірлігі біздің елордаға одан сайын жақындай түсті. 2015 жылғы 25 қазаннан бастап Астана әуежайынан Эйр Астана авиакомпаниясы жиілігі аптасына 4 рет, дүйсенбі, сейсенбі, жұма және жексенбі күндері Airbus-320 жайлы авиалайнерінде Дубай қаласына рейстерін қайта жаңартады.

Дубай – теңдесі жоқ сәулет өнері бар Таяу Шығыстың ірі сауда, қаржы және туристік орталығы. Астана – Дубай бағытының ашылуы елдер арасындағы тығыз экономикалық, саяси және туристік ынтымақтастыққа ықпалын тигізетін болады.

Дубай Астана әуежайынан ұшулар жүзеге асырылатын Біріккен Араб Әмірлігінің үшінші қаласы болып табылады.

дубай dubai-