27.10.2015
Әуежайдың жаңа серіктесі – Flydubai елордалық әуежайдан жаңа бағыт ашуда!

Елордалық әуежай жолаушыларына Біріккен Араб Әмірлігіне саяхат жасауға тағы да бір мүмкіндік туып отыр. 2015 жылғы 27 қазаннан бастап Астана әуежайының жаңа клиенті – Flydubai авиакомпаниясы  Дубай қаласына бағыт ашады. Рейстің жиілігі аптасына 2 рет сейсенбі және сенбі күндері заманауи ұзаққа ұшатын Боинг 737 авиалайнерінде орындалатын болады.

Қысқы навигация басталғалы бері Астана әуежайы тағы да бір авиакомпанияға толықты. Жаңа тасымалдаушының келуімен күнделікті рейстердің саны 6-ға артты, «Flydubai» – дан басқа аталған бағыт бойынша Эйр Астана авиакомпаниясы рейстерді орындайды.

Flydubai  Астана әуежайының Дубай өңірінен бірінші, БАӘ екінші серіктесі. Жаңа рейстің ашылуы тек елорда тұрғындарына ғана емес, батыс, орталық және шығыс Қазақстан өңірі тұрғындарына да Таяу және Қиыр Шығыс елдеріне Дубай әуежайында түйісе отыра ұшуларына мүмкіндіктер береді.

Елорда әуежайы жаңа серіктесін құшақ жая қарсы алады және ұзақ жылдар бойы ынтымақтастыққа сенім білдіреді.

Flydubai компаниясын Дубай үкіметі құрған және өз рейстерін Дубай халықаралық әуежайының 2 Терминалынан орындайды.

Қазіргі уақытта Flydubai авиакомпаниясының Boeing 737-800 NG жап-жаңа 50 ұшақтан тұратын авиапаркі бар және 95 бағыттан асатын рейс орындайды. Астана қаласының әуежайы Flydubai авиакомпаниясы ұшуларын жүзеге асыратын Қазақстанның үшінші қаласы (Алматы және Шымкенттен кейін) болып отыр.  

Поющие_фонтаны_Дубая01 flydubaimax-med бурдж