6.11.2015
Астана әуежайы халықаралық әуежайлар мен әуеайлақтардың дамуына қосқан қомақты үлесі үшін марапатталды

Елорда әуежайы 2015 жылғы 23 қазанда Әзербайжанның Баку қаласында өткен авиация және әуе кеңістігін пайдалану бойынша халықаралық мемлекетаралық кеңестің 35-сессиясына қатысты. Сессия Халықаралық мемлекеттік кеңестің атқарушы органы болып табылатын Халықаралық мемлекетаралық авиациялық комитеттің  (МАК) алдағы 25-жылдығына және Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымының (ICAO) 70-жылдығына орай өткізілді.

Елорда әуежайы көптеген халықаралық марапаттаулармен расталған Қазақстанның үздік әуежайы атағына ие болып жүр.

фото межгоссессия 23.10.15 IMG_4185