6.11.2015
Qazaq Air Астана-Талдықорған бағытын іске қосады

Жас Qazaq Air авиакомпаниясы ұшулар географиясын кеңейтуде. 2015 жылғы 11 қарашадан бастап Астана әуежайынан  жайлы Bombardier авиалайнерінде аптасына 3 рет жиілікпен дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері Талдықорғанға рейстер ашылады. Бұл Астана әуежайынан Qazaq Air авиакомпаниясының рейстерін жүзеге асырудағы екінші бағыты. Қазіргі уақытта Qazaq Air авиакомпаниясы Алматыға рейстерді жүзеге асырады.

Qazaq Air – Астана әуежайынан рейстерді жүзеге асыратын екінші авиакомпания (Жетісу а/к кейін).   

IMG_8647 IMG_8620