10.11.2015
Бизнес-терминалдың duty-free операторына іріктеу өткізу

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ 2015 жылғы 10 – 13 қараша аралығында өтетін Астана қаласы әуежайы бизнес-терминалындағы бажсыз сауда дүкенінің операторын іріктеуге қатысу үшін өтінім қабылдаудың басталғаны туралы жариялайды.

 Үміткерлерге қойылатын талаптар

 1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, бажсыз сауда дүкендері қызметін жүзеге асыратын тұлғалар үшін қажетті қолданыстағы рұқсат және басқа да құжаттарының болуы. Бұл талап келесі құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерімен расталады:

2) құқықтық қабілетінің болуы. Аталған талап келесі құжаттармен расталады:

- заңды тұлғаны, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың, немесе электронды тіркеу жүйесін қолданатын, анықтама берген мемлекеттік органның ресми ғаламтор көзіне жасалған сілтемені қамтитын үміткер өтінішінің нотариалды куәландырылған көшірмелерімен;

3) төлем жасауға қабілетті болып табылуы. Аталған талап келесі құжаттармен расталады:

- үміткерге қызмет көрсетілетін банктен немесе банк филиалынан берілген Ипотекалық компаниялардағы және екінші деңгейлі банктердегі бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарына сәйкес, банктің немесе банк филиалының алдында анықтама берілген күннен бұрын үш айдан астам уақытқа созылған міндеттемелердің барлық түрлері бойынша төлем жасау мерзімі кешіктірілген берешегінің жоқ екендігі туралы қол қойылған және мөр басылған анықтамамен (егер үміткер екінші деңгейлі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сонымен қатар шетелдік банктің клиенті болып табылған жағдайда, аталған анықтаманы осындай банктердің әрқайсысынан ұсыну қажет). Анықтама Қоғамның веб-сайтына Операторды анықтау туралы хабарландыру орналастырылған күннен бұрын берілмеуі тиіс;

- тиісті салық органынан Қоғамның веб – сайтына Операторды анықтау туралы хабарландыру орналастырылған күннен бұрын берілмеуі тиіс, үш айдан астам мерзім ішінде (төлем жасау мерзімі Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес шегерілген жағдайларды есептемегенде) салық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ екендігі туралы; немесе салық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша бір теңгеден кем берешегі бар екендігі туралы берілген белгіленген нысандағы анықтамамен;

4) сату жоспарланып отырған тауарлардың түр – түрінің болуын растау (тауарлар тізбесі бар хат – міндеттеме, шарттардың көшірмелері және т.б.);

5) дүкен қызметінен түсуі жоспарланып отырған бір жылдық түсімнің болжамды мөлшерін және Қоғамға дүкен аумағының 1 (бір) шаршы метрі үшін (жалпы аумағы 105,34 ш.м.) айына ҚҚС-ны қоса есептегенде 10410 теңге мөлшерінде жалға алу төлемін жасау, сонымен қатар ай сайынғы табыстан 15% (он бес пайыздан) кем емес ауыспалы жалға алу төлемін жасау туралы бірінші басшының қолы қойылған міндеттемені;

6) жұмыста қолдану үшін қажетті көлемде мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген, әуежай аумағында клиенттерге қызмет көрсету бойынша қызметті тәулік бойы режимде жүзеге асыратын қызметкерлерінің қажет етілетін мөлшерде болуы.

 Оператордың функциялары

Оператор келесілерді ескере отырып, бірақ олармен шектелмей, әуежайдан ұшатын жолаушыларға кәсіби деңгейде қызмет көрсету үдерісін қамтамасыз етуі тиіс:

1) өз бетімен және өз есебінен бажсыз сауда дүкені мекемесіне арналған шешімді, сонымен қатар бажсыз сауданы жүзеге асыру үшін заңнамада қарастырылған барлық рұқсаттарды алуы;

2) дүкенді қатаң түрде осы үшін арнайы бөлінген жерде корпоративтік брендбукке сәйкес, фирмалық стильде ресімдеуі;

3) дүкеннің тәулік бойы жұмыс істеуін қамтамасыз етуі.

4) тауардың күнделікті  түр-түрін қамтамасыз етуі;

5) Қоғамның салық есептілігі нысанындағы пунктінің ақша айналымына қолжетімділігін қамтамасыз етуі;

 Оператор жасалған коммерциялық алаңдарды жалға беру шартының талаптарына сәйкес, Қоғамға қызмет үшін тұрақты және үздіксіз төлемді қамтамасыз етуге тиіс.

 Құжаттарды ұсыну және қарау тәртібі

 Құжаттардың толық жиынтығын «Астана халықаралық әуежайы» АҚ кеңсесіне 2015 жылғы 13 қарашада саған 16:00-ге дейін ұсыну қажет.

 Үміткерлердің ұсыныстарын 2015 жылғы 16 қарашада сараптама комиссиясы қарайтын болады.

 Жеңімпаз 2015 жылғы 16 қарашада жарияланады.