11.11.2015
Астана әуежайы мен «Эйр Астана» авиакомпаниясы 2016 жылғы қысқы навигацияға дайын

2015 жылғы 26 қазаннан бастап Астана әуежайы мен «Эйр Астана» авиакомпаниясы 2016 жылғы 26 наурызға дейін әрекет ететін рейстердің күзгі-қысқы кестесіне көшті.

Қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Астана халықаралық әуежайында 2015-2016 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық бойынша жоспарлы іс-шаралар өткізілді. Аталған жоспар аясында әуеайлақты күтіп ұстау және әуе кемелеріне қызмет көрсету үшін жерүстіндегі арнайы техника байқауы өткізілді. Аталған іс-шара жыл сайын өткізіледі.

Бұдан басқа, мұздануға қарсы қолданылатын техникаға штаттық қызмет көрсету жүргізілді. Қысқы навигация маусымына қажетті ұшақтарды мұздануға қарсы сұйықтықпен өңдеу үшін қысқы кезеңнің басына 7 арнайы машина дайындалды. Ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әуеайлақтың жасанды жабындары жөнделіп, ұшу алаңы таңбаланып, әуе кемелерінің тұрақ орындары жаңартылды.

Ұшу-қону жолағындағы жарық сигналды оттарға жөндеу жүргізілді және барлық қосалқы станцияларға техникалық қызмет көрсетілді.

Бұдан басқа, жолаушылар әуежайға келгенде өзін жайлы сезіну, жолаушылар терминалдарында жылы режимді сақтау және жылумен жабдықтау жүйесінің дұрыс қызмет етуін қамтамасыз ету үшін барлық шаралар қолданды.

Астана әуежайы және Эйр Астана авиакомпаниясы кешіктірулерді болдырмау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда.

IMG_0558

IMG_0410 IMG_0436 IMG_0484