17.11.2015
Астана халықаралық әуежайы қауіпсіздік шараларын күшейтіп жатыр

Кейбір шет мемлекеттерде болып жатқан қайғылы оқиғаларға байланысты Астана әуежайы қауіпсіздік шараларын күшейтуде. Әуежайда 2015 жылғы 14 қарашадан бастап жолаушылар терминалының кіреберісіне тексеру жабдықтары орнатылды.
Барлық жолаушылар, әуежай қызметкерлері, сондай-ақ шығарып салушы және қарсы алушы тұлғалар қолмен тексеріледі. Жолаушыларды тексеру тәулік бойы жүргізілетін болады.
Осыған байланысты, Астана халықаралық әуежайының басшылары, барлық жолаушылардан әуежайға халықаралық рейстерге алдын ала 3 сағат бұрын, ал ішкі рейстерге алдын ала 2 сағат бұрын келулеріне кеңес береді.
Сонымен қатар, авиация қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар тәртіптерді еске салады: жарылғыш заттар, сығылғын және сұйытылған газдар, тез жанғыш заттар, қарудың барлық түрлері, өткір әрі өткір заттар багаж ретінде тасымалданбайды. Сонымен бірге, қол жүгінде сұйықтықтар, аэрозоль, гель сияқты заттардың мөлшері 100 мл-ден аспауы тиіс. Бұл орайда, ұшу барысында пайдалануға қажетті дәрілік заттар немесе балалардың тамағына ғана рұқсат беріледі.
Күн сайын Астана әуежайы 38 бағыт бойынша 12000 жолаушыға дейін қызмет көрсетеді. Астана әуежайы қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету бойынша қызметтерді Қазақстан Республикасының заңнамалары мен ИКАО халықаралық стандарттарына (Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы) сәйкес жүзеге асырады.

IMG_0609

IMG_0588