9.12.2015
«Air Astana» Астана әуежайынан Бангкокқа рейстерін қайта жалғастырады

Ағымдағы жылдың 17 желтоқсанынан бастап «Air Astana» авиакомпаниясы аптасына 2 рет жиілікпен бейсенбі және сенбі күндері Боинг-757 жайлы авиалайнерінде Бангкокқа рейстерін қайта жалғастырады.

Бангкок – оңтүстік-шығыс Азияның маңызды және ірі қалаларының бірі, елорда, сондай-ақ Тайландтың мәдени және экономикалық орталығы. Бангкок Шығыстың бейтаныс жұмбақ мәдениеті қызықтыратын қонақтарын таңдандыра алады.

Бангкок қаласына рейстің қайта жалғастырылуының арқасында елорда тұрғындары мен қонақтары қыстан шығып, жаздың тамаша табиғатында рақаттана алатын болады.

bangkok бангкок