18.12.2015
Бірыңғай жарнама операторын іріктеу

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ 2015 жылғы 18 – 24 желтоқсан аралығында өтетін Астана қаласы әуежайы бірыңғай жарнама операторын іріктеуге қатысу үшін өтінім қабылдаудың басталғаны туралы жариялайды.

Үміткерлерге қойылатын талаптар

           Үміткерлерге келесі талаптар қойылады:

  1. Құқық қабілеттілігін иелену. Осы талаптаркелесі құжаттармен:

– заңды тұлғаны, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың, немесе электронды тіркеу жүйесін қолданатын, анықтама берген мемлекеттік органның ресми интернет көзіне жасалған сілтемені қамтитын үміткер өтінішінің нотариалды куәландырылған көшірмелерімен расталады.

  1. Төлем төлеуге қабілетті болып табылады. Аталған талап келесі құжаттармен:

– үміткерге қызмет көрсетілетін банктен немесе банк филиалынан берілген Ипотекалық компаниялардағы және екінші деңгейлі банктердегі бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарына сәйкес, банктің немесе банк филиалының алдында анықтама берілген күннен бұрын үш айдан астам уақытқа созылған міндеттемелердің барлық түрлері бойынша төлем жасау мерзімі кешіктірілген берешегінің жоқ екендігі туралы қол қойылған және мөр басылған анықтамамен (егер үміткер екінші деңгейлі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сонымен қатар шетелдік банктің клиенті болып табылған жағдайда, аталған анықтаманы осындай банктердің әрқайсысынан ұсыну қажет). Анықтама Қоғамның веб – сайтына Операторды анықтау туралы хабарландыру орналастырылған күннен бұрын берілмеуі тиіс;

– тиісті салық органынан Қоғамның веб – сайтына Операторды анықтау туралы хабарландыру орналастырылған күннен бұрын берілмеуі тиіс, үш айдан астам мерзім ішінде (төлем жасау мерзімі Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес шегерілген жағдайларды есептемегенде) салық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ екендігі туралы; немесе салық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша бір теңгеден кем берешегі бар екендігі туралы берілген белгіленген нысандағы анықтамаменрасталады.

  1. Көрнекі жарнама қызметін ұсыну нарығында екі жылдан кем емес тәжірибесінің бар болуы. Аталған талаптар қызметті қабылдау –тапсыру қызметтерімен расталған жүкқұжаттардың, актілердің,сондай-ақ ұсыным хаттармен / үміткер қызмет көрсеткен ұйым клиенттерінің оң пікірлерінің (аталған хаттарды /пікірлерді берген ұйымдар бекіткен түпнұсқалармен немесе көшірмелермен) тиісті түпнұсқаларымен немесе нотариалды куәландырылған көшірмелерімен расталады;
  2. Әуежайдың өндірістік талаптарына сәйкес, әуежайдағы қызметін жүзеге асырудан түскен жоспардағы жылдық табыс мөлшерін ұсынуға;
  3. Ынтымақтастық талаптарын қабылдау, осы ретте авиакомпанияның тіркеу аймағын (бренділеумен) ресімдеу, сондай-ақ мемлекеттік іс-шаралармен байланысты ақпараттарды орналастыру тек Қоғам құзыретінде болып табылады.
  4. Толыққанды түрлі-түсті тұсаукесерді қағаз және сандық тасымалдағыштарда техникалық ерекшелігі мен сатып алу бағасының толық сипаттамасымен инвестициялық бағдарламаны ұсыну;
  5. Ұсынылған инвестициялық бағдарламаға сәйкес, жарнамалық тасымалдағыштардың үлгісін ұсыну. Үлгілер инвестициялық бағдарламаның растауы, сондай-ақ үміткердің орындаушылығының басты көрсеткіші болып табылады.
  6. Қоғамға ай сайынғы табыстан 60% (алпыс пайыз) мөлшерінде жалға алу төлемін, бірақ айына ҚҚС-ны есептемегенде 10000000 (он миллион) теңге мөлшерінде кепілдендірілген минималды сомасынан кем емес енгізілгендігі туралы бірінші басшының қолы қойылған міндеттемені ұсыну. Осы ретте кепілдендірілген минималды соманың мөлшері әуежайдағы жолаушылар ағынының көбеюі / азаюы пайызынан, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы тауарлар мен қызметтердің индекстер инфляциясынан құралатын жыл сайынғы индекстеуге жатады;
  7. Сандық тасымалдағыштардан басқа, жалға алу мерзімі өткеннен кейін Қоғам меншігіне әуежайда орналастырылған жарнама тасымалдағыштарын ақысыз түрде тапсыру туралы бірінші басшының қолы қойылған міндеттемені ұсынуға;
  8. Қоғаммен жасалған шарт аясында тек шаруашылық қызметті жүргізуге арналған жеке банк шотын ашу/ бар болуы туралы және кірістерді бухгалтерлік есепке алу базасына қол жетімділікті қамтамасыз ету туралы бірінші басшының қолы қойылған міндеттемені ұсынуға.
  1. Оператордың функциялары

 Оператор өндірістік талаптарға сәйкес, жарнама берушілердің кәсіби қызмет көрсету процесін, келесілермен шектелмей, қамтамасыз етуі тиіс:

1) Әуежайда өз бетінше және өз есебінен жарнама тасымалдағыштарын орнату;

2) Жарнама тасымалдағыштарының тәулік бойы жұмыс істеуін  қамтамасыз ету;

3)       Жарнамалық ақпаратты Қоғаммен келісу.

  1. Оператор жарнама алаңдарын жалға алу туралы жасасқан шарттың талаптарына сәйкес, Қоғамға қызметтердің тұрақты және үздіксіз төлемін қамтамасыз етуі.

 Құжаттарды ұсыну және қарау тәртібі

 Құжаттардың толық жиынтығын «Астана халықаралық әуежайы» АҚ кеңсесіне 2015 жылғы 18желтоқсан сағат 10.00-ден бастап 24 желтоқсан сағат 16:00-ге дейін ұсыну қажет.

Үміткерлердің ұсыныстарын 2015 жылғы 24 желтоқсанда сараптама комиссиясы қарайтын болады.

Жеңімпаз 2015 жылғы 25 желтоқсанда жарияланады.