18.12.2015
Ресми таксиді таңдау

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ 2015 жылғы 18-24 желтоқсан аралығында өтетін Астана қаласы әуежайының жолаушыларын ресми тасымалдаушыны іріктеуге қатысу үшін өтінім қабылдаудың басталғаны туралы жариялайды.

Үміткерлерге қойылатын талаптар 

1) Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі саласындағы  заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі;

2) Елорданың көлік органдарымен жасасқан елордада жолаушыларды және багажды таксимен тасымалдау қызметін көрсетуге арналған қолданыстағы шарттың болуы;

3) заңды тұлғаны, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесімен немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтамамен немесе электронды тіркеу жүйесін қолданатын анықтама берген мемлекеттік органның ресми ғаламтор көзіне жасалған сілтемені қамтитын үміткер өтінішімен;

4) төлем жасауға қабілетті болып табылуы. Бұл талап келесілермен расталады:

- ипотекалық компаниялар мен екінші деңгейлі банктердегі бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарына сәйкес, банктің немесе банк филиалының алдында үміткердің анықтама берілген күннен бұрын үш айдан астам уақыт бойы жалғасып келе жатқан міндеттемелердің барлық түрлері бойынша мерзімі өтіп кеткен берешегінің жоқ екендігі туралы банктің немесе банк филиалының қол қойылған және мөрі басылған анықтамасымен (егер үміткер екінші деңгейлі бірнеше банктің немесе банк филиалының, сонымен қатар шетелдік банктің клиенті болып табылса, аталған анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама Қоғамның веб – сайтына Ресми тасымалдаушыны анықтау туралы хабарландыру орналастырылған күннен бұрын берілмеуі тиіс;

- Қоғамның веб – сайтына Ресми тасымалдаушыны анықтау туралы хабарландыру орналастырылған күннен бұрын берілмеген тиісті салық органының салық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша үш айдан астам уақыт бойы берешектері жоқ екендігі туралы, немесе бір тиыннан кем салық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі бар екендігі туралы белгіленген нысандағы анықтамасымен (төлем жасау мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шегерілген жағдайларды есептемегенде);

5) банкроттық рәсіміне немесе таратуға жатпауы. Олардың банкроттық немесе тарату рәсіміне қатысы жоқ екендігі бөлігіне қатысты талаптарға үміткерлердің сәйкестігін нақтылау мақсатында, Сараптау комиссиясы банкроттық немесе тарату рәсімінің жүргізілуін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет – ресурсында орналастырылған ақпаратты қарайды;

6) олардың соңғы екі жыл ішінде таксимен тасымалдау бойынша қызмет көрсету шарттары бойынша міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жауапкершілікке тартылмаған болуы. Олардың міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін жауапкершілігінің болуы/болмауы туралы мәліметтер болып Қазақстан Республикасы Жоғары сотының интернет – ресурсында орналастырылған ақпарат табылады;

7) Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары тіркелімінде және (немесе) Холдингінің сенімсіз әлеуетті жеткізушілерінің тізбесінде болмауы. Холдинг деп «Самұрық – Қазына» ҰӘҚ» АҚ және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен Қорға тікелей немесе жанама тиесілі заңды тұлғалардың жиынтығы түсініледі;

8) жолаушыларды таксомоторлық тасымалдау қызметін ұсыну нарығында бір жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі болуы тиіс.

Аталған талап қызметтерді қабылдау – тапсыруды растайтын тиісті жүкқұжаттардың, актілердің тиісті түпнұсқаларынмен және нотариалдық расталған көшірмелерімен, сондай-ақ жолаушыларды таксомоторлық тасымалдау қызметін көрсеткен үміткердің клиент – ұйымдарынан ұсыным хаттармен / жағымды пікірлермен (түпнұсқаларын немесе осы ұсыным хаттарды / пікірлерді берген ұйым растаған көшірмелерімен) расталады;

9) ақпараттық – диспетчерлік қолдау қызметін көрсету бойынша ақпараттық – диспетчерлік қызметі немесе қолданыстағы шарты болуы тиіс;

10) қозғалыс құрамын орналастыру, жөндеу және техникалық қызмет көрсету үшін Астана қаласында өндірістік-техникалық базасының (меншік және/немесе жалға алынған) болуы тиіс;

11) жұмыста навигациялық қамтамасыз ету құралдарын пайдалануы (GPS) тиіс;

12) әуежай аумағында ақпараттық – кеңестік қызметін тәулік бойғы режимде жүзеге асыратын, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін жұмыста қолдану үшін қажетті деңгейде білетін қызметкері Болуы тиіс;

Ресми тасымалдаушының функциялары

Ресми тасымалдаушы келесілерді ескере отыра, бірақ шектеліп қалмай, жолаушыларға кәсіби қызмет көрсету үдерісін қамтамасыз етуі тиіс:

  • Арнайы бөлінген орындарда фирмалық стильде безендірілген ақпараттық – кеңес пунктілерін орнатуға;
  • ақпараттық – кеңес пунктілерінің тәулік бойы қызмет етуін қамтамасыз етуге;
  • қажет болған жағдайда жылжымалы құрамға жолаушылармен ілесіп жүруді қамтамасыз етуге;
  • тасымалдауда жолаушылардың, соның ішінде дене мүмкіндігі шектелген жолаушылардың қажеттілігін толық қанағаттандыра алатын оннан кем емес автомашинаның әуежайда болуын қамтамасыз етуге тиіс.
  1. Ресми тасымалдаушы ақылы қызметті көрсету шартына сәйкес, Қоғамға қызметтің төлемін ҚҚС-ын қоса есептемегенде 1 000 000 теңге мөлшерінде үздіксіз және тұрақты түрде қамтамасыз етуі тиіс.

Құжаттарды ұсыну және қарау тәртібі 

Құжаттардың толық жиынтығын «Астана халықаралық әуежайы» АҚ кеңсесіне 2015 жылғы 24 желтоқсан сағат 16:00-ге дейін ұсыну қажет.

Үміткерлердің ұсыныстарын 2015 жылғы 24 желтоқсанда сараптама комиссиясы қарайтын болады.

Жеңімпаз 2015 жылғы 25 желтоқсан күні жарияланады.