3.02.2016
Астана әуежайында «Тыныш әуежай» тұжырымдамасын енгізу

Елордалық әуежайдың басым бағыты қызмет көрсету сапасы болып табылады. Астана әуежайы жолаушыларға қызмет көрсету сапасының халықаралық стандарттарын, сондай-ақ жолаушыларға ақпараттық қызмет көрсетуді көздейтін стандарттарды кезең-кезеңмен енгізуде. Жолаушыларға ыңғайлы жағдайлар жасау үшін 2016 жылғы 25 қаңтардан бастап дауыс зорайтқыш байланысы арқылы хабарлауды тоқтата отырып, «Тыныш әуежай» сынамалы жоба іске қосылды.

«Тыныш әуежай» жобасының мақсаты ұсынылатын қызметтер сапасын арттыру және осындай жүйе көптен бері қолданылып келе жатқан әлемдегі, соның ішінде ТМД елдеріндегі үздік әуежайларға сәйкестендіру болып табылады.

Аталған жаңалық әуежай терминалындағы шудың әсерін азайту мақсатында енгізілді. Қазіргі уақытта Астана әуежайынан орташа есеппен алғанда тәулігіне   55 тұрақты рейстің ұшып келуі және 37 бағыт бойынша соншасының ұшуы жүзеге асырылады. Хабарландыру 1-1,5 минут уақытты алады, ол әр 15 минут сайын қайталанып отырады, яғни бір рейс 15 рет хабарланады. Рейстер санының үнемі көбеюін ескерсек, кейін дауыстық хабарландыруларды жасау мүмкін болмайды, себебі аталған хабарландырулардың көптігінен жолаушылар шатасуы мүмкін.

Тегіс қамтитын толық ақпаратты ұсыну үшін ақпараттық таблоға өзгерістер енгізілді, онда тіркеудің басталғаны / жабылғандығы туралы ақпарат, сонымен қатар, тіркеу аймағы және ұшу уақыты туралы соңғы жаңартулар көрсетілген. Ұшып келіп жатқан рейстер үшін ұқсас әдістеме қарастырылды  және дауыс зорайтқыш байланысы арқылы хабарландыру болмайтыны туралы жолаушыларға үш тілде хабарлау үшін бөлек монитор орнатылды.

Қауіпсіздік  бойынша тексеру рәсімінің басталуы және аяқталуына қатысты хабарландырулар алып тасталды, себебі тұрақты рейстер орындалған кезде қауіпсіздік рәсімдері үзіліссіз жалғаса береді. Мысалы, ішкі аймақта қауіпсіздік бойынша тексеру рәсімі соңғы ұшатын ішкі рейстен кейін аяқталып, келесі күні таңертең бірінші ұшатын рейске тіркеу басталған кезде аяқталады.

Бұрынғыдай дауыс зорайтқыш байланысы арқылы: отырғызу шығыстары ауыстырылған жағдайда (Gate), төтенше жағдайлар кезінде, жолаушының багажында күдікті заттар табылған кезде, жеке заттарын жоғалтқан кезде, вокзал жанындағы алаңындағы автокөлік құралдарынан босату қажет болған кезде, әуе кемесінің бортына бөгде тұлғалардан хат қалталар мен бандерольдерді алуға болмайтындығы туралы ақпараттар беріледі. Сондай-ақ,  әуежайдың стерильді аймағында әуе кемесінің бортына отырғызу рәсімі туралы дауыс зорайтқыш байланысы арқылы хабарландырулар бұрынғыдай беріледі.

IMG_1433