30.12.2015
Астана әуежайы Жаңа жыл мерекесімен құттықтайды!

Астана әуежайы Жаңа жылды қарсы алуға дайын. Жолаушылар терминалында қонақтарды көздің жауын алатын әсем шырша қарсы алады. Мерекеге сай безендірілген терминал қарсы алушылар, шығарып салушыларға қыстың ең қуанышты мерекесі келіп жеткенін естеріне салатындай.

Астана әуежайының жолаушыларын тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ансамблі белгілі әндер композициясын орындап, құттықтады.  Барлық жерде мерекелік көңіл-күй сезіледі.

Эйр Астана авиакомпаниясы әдеттегідей күту залында жаңажылдық стенд орналастырды. Ол жерде әрбір адам ескерткішке фотосуреттер жасай алады.