15.01.2016
Астана әуежайы 2015 жыл бойынша жұмыс қорытындысын шығарды

Астана әуежайының 2015 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша қызмет көрсетілген жолаушылар саны 3млн.300 адамнан асты, бұл көрсеткіш былтырғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 13 %-ға көп.

2015 жылы қызмет көрсетілген рейстер саны-24454 рейсті құрады,                  2014 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 8 %-ға көп.

Былтырғы жылы Астана әуежайынан тұрақты рейстерді жүзеге асыратын авиакомпаниялардың қатары жаңа үш: «Асиана», «Флай Дубай» және «Казах Эйр» авиакомпаниямен толықты. Қазіргі уақытта әуежайдың клиенті болып табылатын 19 авиакомпания бар, оның ішінде бесеуі отандық және 14 шетелдік тасымалдаушы.

Астана әуежайынан 15 ішкі бағыт және 23 халықаралық бағыт бойынша рейстер жүзеге асырылады.

Өндірістік қызмет көрсеткіші артуының негізгі факторы қолданыстағы рейстердің жиілігін көбейтуден және жаңа бағыттар ашудан болып отыр.

2015 жылдың басынан – ақ елордалық әуежайда жаңа бағыттар ашылды. Ағымдағы жылдың наурыз айында «Эйр Астана» авиакомпаниясы көптен күткен Астана-Париж рейсін ашты, мамыр айынан бастап Антальяға маусымдық рейстерді қайта жалғастырды, маусым айында тұңғыш рет Сеул, Тбилиси және Тараз қалаларына рейстер ашты. «Скат» авиакомпаниясы мамыр айында Томск қаласына рейстерді қайта жалғастырды. «Бек Эйр» авиакомпаниясы Қазақстан бойынша ұшулар географиясын кеңейтті, маусым айының соңында Қызылорда, Жезқазған, Шымкент қалаларына рейстер ашты. Бұдан басқа, Алматы және Атырау қалаларына рейстер жиілігін көбейтті.                  2015 жылғы тамыз айынан бастап жаңадан ашылған «Казах Эйр» авиакомпаниясы өз қызметін екі бағытта: Алматы – Талдықорған жүзеге асыра бастады.

итоги 2015