19.02.2016
Астана әуежайында  күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан балаларды әлеуметтік қолдау бағдарламасын іске асыру басталды

Жетім балаларға, сонымен қатар, күнкөрісі төмен, көп балалы отбасынан шыққан және басқа да санаттағы балаларға әлеуметтік қолдау көрсету авиакәсіпорынның басты міндеттерінің бірі болып табылады. Жетім балалар мен күнкөрісі төмен отбасынан шыққан балалардың тыныс-тіршілігін жақсарту мақсатында әуежай жоғарыда аталған санаттағы отбасылар үшін қажетті заттарды сатып алу жолымен әр түрлі қайырымдылық акцияларды жыл сайын өткізеді.

Бала – біздің болашағымыз. Сондықтан, балаларға қамқорлық – еліміздің келешегіне деген қамқорлық.  Акция көмекке мұқтаж балаларға нақты көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

2016 жылғы 19 ақпанда, осындай акция «SOS Балалар қалашығы», «Астана қаласының кәсіби – техникалық колледжі», «№45 орта мектепте» өтті, ол жерлерде балаларға Астана әуежайы ұжымының атынан қазақ және ағылшын тілдерін қарқынды оқыту бойынша инновациялық – әдістемелік бейнесабақтардың 7 дана жиынтығы салтанатты түрде табыс етілді. Бұл сыйлық кездейсоқ таңдалған жоқ. ҚР МжСМ Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс жөніндегі комитетінің тапсырысы бойынша «Үштұғырлы тіл» мәдени жобасын іске асыру мақсатында, қазақ және ағылшын тілдерін қарқынды оқыту бойынша инновациялық – әдістемелік бейнесабақтар жиынтығы әзірленді. Ол екінші тіл ретінде қазақ тілін және шетел тілі ретінде ағылшын тілін оқытуға арналған.

Жиынтыққа электронды таяқшаны қолданған кезде барлық жазулар дыбысталатын интерактивті плакаттар кіреді.

Аталған жиынтықтар балаларға қазақ және ағылшын тілдерін одан да жақсы меңгеруге және зерделеуге мүмкіндік береді. Мүмкін келешекте үздік оқушылар елорда әуежайының ұйымшыл ұжымының қызметкерлері болар.

IMG_1589 IMG_1642