17.03.2016
Астана әуежайындағы «Армысың, әз-Наурыз!» жарыс сабағы

2016 жылғы 16 наурызда Астана халықаралық әуежайында мемлекеттік тілді оқитын іс қағаздарын жүргізушілер тобының арасында «Армысың, әз-Наурыз!» атты жарыс сабақ өткізілді. Жарыс сабақтың мақсаты – Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын дәріптеу, тыңдаушылардың мемлекеттік тілді меңгерудегі қызығушылығын ояту, тыңдаушылардың шешендік шеберлігін дамыту.

Жарысқа «Аспан» және «Тұлпар» топтары қатысты.

Жарыс сабақ 8 белестен тұрды, бірінші бөлімнің тапсырмасы бойынша әрбір топ атауын және ұранын ойлап табу керек. Қатысушылар ұлттық киім киді.

Екінші бөлімде тыңдаушылар «Наурыз мейрамына» қатысты сұрақтарға жауап берсе, үшінші «Ойлы болсаң, озып көр» бөлімінде «Астана халықаралық әуежай» АҚ, Қазақстан Республикасы туралы сұрақтарға жауап берді. Келесі «Мақал – сөздің мәйегі» бөлімінде тыңдаушылар мақал-мәтел бойынша жарысты, ал бесінші «Біз терминдерді білеміз бе?» бөлімінде екі топ іс қағаздарын жүргізуге байланысты терминдердің аудармасын айтудан жарысты. Алтыншы «Наурызға тарту» бөлімі – шығармашылық жарыс, екі топ өнерпаздары өз таланттарын және шеберлігін ортаға салды. Келесі  «Батамен ел көгерер» бөлімінде наурыз бата берілді, елімізге, жерімізге жақсы тілектер тіледі. «Наурыз дастарқаны» бөлімінде әр топ Наурыз мейрамына арналған дастарқан әзірледі. Қонақтар және тыңдаушылар қазақ халқының дәстүрлі тағамдарынан дәм татты.

Жарыстың соңында әділқазылар алқасы жеңімпаз топты анықтады. Жеңімпаз «Аспан» тобына диплом табысталды. Сонымен бірге жарысқа белсене қатысқан ИАҚ ауысым бастығы Е.К.Тайтөлеуов «Үздік батагөй азамат», ИАҚ есеп жөніндегі технигі А.Е.Шушакова, «Наурыз шежірешісі», СБ сарапшысы А.Қ.Хамитов «Өнерлі өрен», ИАҚ ауысым бастығы Е.С.Рисбаев «Жүйелі сөз иесі»,  СМЖББ жетекші маманы Ғ.Т.Байдавлетов «Ұтқыр ой иесі», ҰҚИ ҰҚ жөніндегі инженер-инспекторы С.А.Қорғашева «Үздік дастарқан», ӘҚ есеп жөніндегі технигі Б.Т.Шамшиева «Наурыз жаңалығы», ИАҚ жетекші инженері Қ.Қ.Смағұлов, АЖБ инженері Д.Қ.Джолмуханов «Көрермендер көзайымы» аталымдарымен марапатталды.

Жарыс сабақ Астана әуежайы басшылығының тарапынан құттықтауымен тамаша нотада аяқталды.

Астана әуежайы басшылығының тарапынан көрсетілген қолдауының арқасында оқытуда жақсы нәтижелерге қол жеткізілді, жыл сайын 70-тен астам адам оқытылады.

Әділқазылар алқасы жедел басқару жөніндегі басқарушы директор А.Б. Бекмурзин, аэровокзал кешенінің бас менеджері Б.Х. Абуова, денсаулық сақтау пунктінің меңгерушісі З.К. Ильясова, тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Р.Е. Сейтмағанбетова, ақпараттық технология және  коммуникация қызметі бастығының орынбасары Ә.К. Жалмұрзаев жарысқа төрелік етті. Сабақты мемлекеттік тілді оқытушы К.С. Зәмзебай жүргізді.

IMG_2331 IMG_2145

IMG_2107