21.03.2016
Астана халықаралық әуежайы «Наурыз мейрамын» атап өтті

image

2016 жылғы 21 наурызда сағат 11.00-де Пригородный кентінің орталық алаңында «Наурыз мейрамы-2016» ұлттық мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Аталған іс-шараны «Астана халықаралық әуежайы» АҚ Астана қаласы Есіл ауданының әкімшілігімен бірлесіп ұйымдастырды. Арнайы дайындалған алаңда киіз үйлер орнатылып, келген қонақтар ұлттық тағамдардан дәм татты. Дастарқанның ең басты тағамы өмірдің 7 элементтерінен тұратын Наурыз көже болды.

Көрермендер халық әндері мен билерін, ұлттық және спорттық ойындарын тамашалады. Ең өжеттілер мен мықтылар бес асық, күрес, арқан тарту, гір көтеру, тоғыз құмалақ, ләнгі тебу, дартыс, асық ату сияқты ұлттық спорт түрлеріне қатыса алды. Кішкентай көрермендер үшін Отан туралы білімін және зеректігін көрсетуге мүмкіндік беретін сайыс ұйымдастырылды. Концерт бағдарламасы мен спорт жарысына қатысушылардың барлығы жүлделерге ие болды. Пригородный кентінде «Наурыз мейрамы – 2016» көктем мерекесін барлық тұрғындар тамаша шығармашылық нөмірлерді тамашалап, дәмді тағамдардан дәм татып, көтеріңкі көңілмен өткізді.

Осындай ұлттық мерекелер мен мәдени қоғамдық іс-шараларды өткізу елордалық әуежайдың әлеуметтік саясаттарының басым бағыттарының бірі болып табылады.

imageimageimage

image