16.03.2016
Астана әуежайы ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындалуда

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындалу мақсатында, сонымен қатар «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде, 2015 жылы жалпы ауданы 40 000 ш.м. жаңа жолаушылар терминалының құрылысы басталды. Құрылыс аяқталғаннан кейін әуежайдың өткізу қабілеттілігі жылына 7 млн. жолаушыдан астам жолаушыны өткізуге жетеді. Қарбалыс сағаттарында рейстерді күту залдарына бір уақытта          2,525 жолаушыға дейін жолаушыны сыйғызуға болады. Бүгінгі күні құрылыстың бастапқы кезеңі аяқталды, терминал ғимаратының жер бетіндегі бөлігінде лифті шахталары мен баспалдақ аралықтары орнатылды, металдан жасалған құрылымдар мен аралықтардың монтажы орындалып жатыр.  2015 жылы перронды ауқымды қайта жаңарту жүргізілді, жаңа Бизнес терминалы қолданысқа енгізілді.

Астана қаласының халықаралық әуежайы өндірістік көрсеткіштер бойынша Қазақстанның екінші басты әуежайы болып табылады. Елорданы Астана қаласына көшірген сәттен бастап, қаламыз Қазақстанның қаржылық және экономикалық тұрғыдан дамыған орталығына айналды. Бұл шетелдік инвесторлардың айтарлықтай қызығушылығын тудырып отыр. Еуразиялық материктің орталығында орналасқан Астана қаласының сәтті географиялық орналасуы Оңтүстік – Шығыс Азия мен Батыс Еуропаны байланыстыра отырып, транзиттік және трансферттік тасымалдаулар саласындағы авиацияны дамытуға септігін тигізеді.

Әуе кемелерінің барлық түрлеріне қызмет көрсетуге арналған жоғары дамытылған техникалық базаның болуы, Астана қаласының қазіргі уақытта бар мәртебесі және бірегей геосаяси орналасқан орны, мемлекеттің саяси тұрақтылығы маңызы зор факторлар болып табылады. Осының бәрі аталған бизнес түрін толыққанды дамытуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта ірі әлемдік авиакомпаниялар Америка, Таяу Шығыс елдері, Еуропа мен Оңтүстік – Шығыс Азия елдерінің арасында континент аралық тасымалдауларды орындай отырып, Астана қаласының әуежайында аралық ұшақ отырғызуларын жүзеге асырады. Әуежай Air Astana, Etihad, Asiana Airlines, flydubai, Aeroflot, Lufthansa, Turkish Airlines, Russia, SCAT, Uzbekiston Hava Yollary сияқты және басқа да авиакомпанияларға қызмет көрсетеді. Олар күн сайын Қазақстан бойынша 15 бағытта және таяу және қиыр шетел елдеріне 22 бағытта тұрақты жолаушылар рейсін жүзеге асырады.

Қазақстан әуежайлары өндірістік көрсеткіштерінің жалпы көлемінің статистикалық деректеріне сәйкес, 2015 жылы Астана қаласының әуежайы рейстердің 15%, жолаушылардың 25% және жүк ағынының 10% қызмет көрсетті. Ұшақтар ұшуларының саны орташа есептегенде тәулігіне 70 рейсті, жолаушылар ағыны 9000 жолаушыны құрайды. Сұранысқа ие Анталья, Париж, Тбилиси, Сеул, Дубай сияқты танымал бағыттардың ашылуы 2015 жылы     2014 жылмен салыстырғанда жолаушылар ағынын 13% ұлғайтуға мүмкіндік берді, нақтырақ айтқанда сәйкесінше 3 347 400 және 2904287 жолаушы. Нарықта QAZAQ Air қазақстандық тасымалдаушысының пайда болуы еліміздің түрлі өңірінің халқы үшін жағымды жағдай жасады. Жақын арада халықаралық масштабтағы тасымалдаушы KLM ROYAL DUTCH AIRLINES Астана қаласы мен Голландияның астанасы Амстердам қаласын байланыстыра отырып, жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, «ҚТЖ» ҰК» АҚ бірлесе отырып жүк интермодальді ХАБ-ын дамыту және жүк айналымын ұлғайту мақсатында, жүк тасымалдаушыларын тарту және дамытуға аса көңіл бөлінеді.

Осының арқасында Астана қаласы халықаралық әуежайының дамуға және жаңаруға, ал авиакомпаниялардың қаржыны және техникалық құралдарды үнемдей, одан да көп жолаушылар мен жүктерді тасымалдай отырып, ұшулар тиімділігін арттыруға мүмкіндігі бар. Әуежай нық қадамдармен әуежайды Орталық Азия өңірінің ХАБ-ы ретінде дамыта отырып, өзінің алға қойылған мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге талпынуда.

Соңғы жылдары Астана әуежайы көптеген позитивті өзгерістерге қол жеткізді. Жыл сайын жолаушылар ағынының көбеюін ескере отыра, борт тамағы кешенін көбейту және өнім түрлерін кеңейту қажеттілігі туындап отыр. Осыған байланысты 2015 жылы жаңа борт тамағы цехы пайдалануға енгізілді. Тамақтану сапасын және әлемдік стандарттарға сәйкестігін арттыру үшін борт тамағын өндіру саласында әлемдік провайдер – Gate Gourmet компаниясын тарту туралы шешім қабылданды. Gate Gourmet компаниясы Цюрих қаласында (Швейцария) өз қызметін толық үйлестіре отыра, 28 елде және әлем бойынша 120 әуежайда өз қызметін көрсетеді.

2015 жылғы 01 қазаннан бастап Астана әуежайында борт тамағын өндіру және қамтамасыз етуге қатысты жасасқан келісім негізінде Gate Gourmet компаниясы өндірістік процесті арттыру үшін бірқатар іс-шаралар өткізді: тәулігіне борт тамағын өндіру 6000 жиынтыққа дейін артты, НАССР және Gate Opex сапа стандартының сертификаты алынды. Авиакомпанияның Астана әуежайының клиенті бола отырып, Gate Gourmet компаниясының жоғары білікті мамандарымен бірлесе отырып, ас мәзірін әзірлеу мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, бұрын борт тамағы цехында қызметін жүзеге асырған қызметкерлер,  кәсіби деңгейін арттыруда, сондай-ақ халықаралық компанияда жұмыс тәжірибесін жинақтаудың таптырмас мүмкіндігіне ие болып отыр.

Әуежай серіктесін таңдаған кездегі ең маңызды аспектілердің бірі болып авиациялық қауіпсіздіктің жоғары деңгейі табылады. Қазіргі уақытта Астана халықаралық әуежайында ИКАО халықаралық стандарттарға сәйкес қауіпсіздікті көп сатылы бақылау қағидаты қолданылады. Әуежайдың жалпы аумағы бойынша бейнебақылаудың компьютерлік жүйесі қосылған. Барлық бақылау-өткізу пунктілері, жолаушылар терминалы қол жүгін, багажды, жолаушыларды, жүкті, поштаны, сондай-ақ борт тамағын тексеруге арналған жаңа жоғары технологиямен жасалған тексеру жабдығымен жабдықталған.

Осылайша, әлемдік қауымдастықта, көбінесе стратегиялық маңызы бар орындарда жиілеп кеткен террорлық актілерге және әуе кемесіне қызмет көрсететін үшінші тұлғаға рұқсат етуге байланысты, тексеруді күшейту үшін шаралар қолданды. Ол сыртқы ұйымдар үшін режимдік аймаққа өтуді шектеді, олардың қатарында «Food Express Air» компаниясы бар

Алайда, «Food Express Air» компаниясы қазіргі уақытта жалға алушы ретінде өз қызметін жеке тұрған ғимарат, асханада жүзеге асыруда. Жалға алушылардың іріктеу қағидасын сақтау және жүргізу аясында, сондай-ақ тамақпен қамтамасыз ету бойынша ұсынылатын қызмет сапасын арттыру үшін, «Food Express Air» компаниясы 2016 жылғы бастап асхана ғимаратын жалға алушыны іріктеу бойынша тендерге қатысатын болады.

Жолаушыларға қызмет көрсету, перронда қызмет көрсету, жүкті және багажды өңдену сапасын арттыру және Астана халықаралық әуежайына халықаралық стандарттарды енгізу, бірлескен қызметті жүзеге асыру үшін швейцариялық Swissport International компаниясы тартылған болатын.  Әлемдік провайдер Swissport өз қызметін 5 құрлықтағы 45 елде жүзеге асырады және әлемнің 265 үздік әуежайларында енгізген.

2015 жылғы 01 қазанда Air Astana авиакомпаниясынан басқа, терминалда жолаушыларға қызмет көрсетуді ұсынудың бірінші кезеңі енгізілді. Жобаны енгізудің екінші кезеңі болып перронда әуе кемелеріне жерүстінде қызмет көрсетуді ұсыну болып табылады.

Республиканың транзиттік – көлік әлеуетін дамыту маңыздылығын назарға ала отыра, Астана халықаралық әуежайы көлік саласын дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламалардың міндеттерін басшылыққа ала және сүйене отырып, Қазақстанның жаңа буындағы көлік инфрақұрылымын қалыптастыруға өз үлесін қосады.