25.03.2016
Астана әуежайы көктемгі-жазғы кестеге көшеді

Астана халықаралық әуежайы 2016 жылғы 27 наурызда көктемгі-жазғы ұшу кестесіне көшеді. Астана қаласының серіктес авиакомпаниялары саяхаттаушыларды жаңа бағыттар мен танымал маршруттарда рейстер жиілігінің артуымен қуантады.

KLM авиакомпаниясы алғаш рет 2016 жылғы 04 мамырдан бастап Астанадан Нидерланды астанасы Амстердам қаласына ұша бастайды.

«Qazaq Air» және «Bek Air» авиакомпаниялары 2016 жылғы 27 наурыздан бастап ұшу жиілігін көбейтеді. «Qazaq Air» Алматы бағыты бойынша аптасына оннан он бірге дейін, «Bek Air» Қызылордаға алтыдан жеті ретке дейін көбейтеді. «Эйр Астана» Шымкент қаласына аптасына бұрын тоғыз рет ұшатын болса, осы кезеңнен бастап он рет ұшатын болады.

Жазғы кестеге көшу басталысымен 2016 жылғы 27 наурыздан бастап «Австрия авиажелілері» Австрия астанасы Вена қаласына ұшуды жаңартады.

«Белавиа» 2016 жылғы 30 наурыздан бастап Минск қаласына ұшу жиілігін аптасына бестен алты ретке дейін көбейтеді.

 «Atlas Global Jet» авиакомпаниясы ағымдағы жылдың 27 сәуірден бастап, одан кейін 16 мамырдан бастап серіктес компания «Түрік авиажелілері»  және  «Эйр Астана» 25 мамырдан бастап Анталья қаласына ұшуды жаңартады.

Ұлттық авиатасымалдаушы «Эйр Астана» 2016 жылғы 01 маусымнан бастап Тбилисиге аптасына екі рет ұшу жиілігін жаңартады және Ақтөбе қаласына ұшу жиілігін аптасына жетіден он бір ретке дейін көбейтеді.

«Аэрофлот» ірі авиакомпаниясы 2016 жылғы 03 маусымнан бастап Мәскеуге ұшу жиілігін аптасына жетіден тоғыз ретке дейін көбейтеді.

Жазда туристік чартерлік бағдарламаның ашылуы жоспарланып отыр. «СКАТ» авиакомпаниясы 2016 жылғы 17  мамырдан бастап күн сайын Анталья қаласына ұшуды жоспарлауда. «Ellin Air» грек авиакомпаниясы 2016 жылғы 30 мамырдан бастап Салоники қаласына туристік бағдарламаны жаңартады. «Sky Bus» авиакомпаниясы алғаш рет     2016 жылғы 30 мамырда Батуми қаласына рейс ашуды жоспарлап отыр. «BH Air» авиакомпаниясы 2016 жылғы 22 маусымнан бастап Бургас қаласына ұшуды бастайды.

Астана халықаралық әуежайы — Қазақстанның елордалық әуежайы, ол 2015 жылы 3 млн 346 мың адамға қызмет көрсетті. Астана әуежайының маршрут желілері 23 халықаралық, 15 ішкі бағыттан тұрады. Қазіргі таңда елорда әуе айлағына тұрақты рейстерді 19 авиакомпания орындайды.