13.04.2016
2016 жылғы бірінші тоқсан бойынша Астана әуежайы өндірістік қызметінің қорытындысы

2016 жылдың бірінші үш айы бойынша елордалық әуежайда қызмет көрсетілген жолаушылардың саны 723 774 жолаушыны құрады, бұл 2015 жылғы қаңтар-наурыз айларына қарағанда 18 %-ға жоғары (613 928 жолаушы).

2016 жылғы қаңтар-наурыз айларында ішкі рейстерде жалпы жолаушылар ағынының көлемі 525 000 жолаушыны құрады, 2015 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 32 %-ға артқан (398 076 жолаушы) .

2016 жылғы қаңтар-наурыз айларында халықаралық рейстерде жолаушылар ағыны 198 574 жолаушыны құрады, 2015 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 8 %-ға аз (215 852 жолаушы).

2016 жылғы бірінші тоқсан бойынша өңделген жүктер мен пошта саны 1705 тоннаны құрады, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 5 %-ға жоғары (1 630 тонна).

2016 жылғы қаңтар-наурыз айлары бойынша орындалған рейстердің саны 5 710 рейсті құрады, 2015 жылдың ұқсас кезеңі үшін – өсімі 7 %, бұл қолданыстағы бағыттар бойынша ұшулар жиілігінің ұлғаюына негізделген.

Қазіргі уақытта Астана әуежайы жолаушылар терминалының құрылысы бойынша жоба іске асырылып жатыр. Оны іске қосу өткізу қабілеттілігін жылына 7 млн. жолаушыға дейін артуға жол береді. Аталған жобаны жүзеге асыру әуежайдың қонақтары мен жолаушыларына қызмет көрсету сапасын арттыруға және әуе айлақ келушілері үшін айрықша жайлы жағдай жасауға бағытталған.