20.04.2016
Астана әуежайынан Амстердамға тұңғыш рет!

2016 жылдың 04 мамырынан бастап тұңғыш рет Астана әуежайынан Астана – Амстердам тұрақты рейсі ашылады. «KLM» авиакомпаниясы Қазақстанның және Нидерландының екі елордасын қосады. Рейс дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі және сенбі аптасына 4 рет, жабдықталған А-330 Airbus авиалайнерінде орындалады.

Амстердам Астана әуежайындағы жиырма алтыншы халықаралық бағыт болды. Нидерланды – Қазақстандық туристер арасында танымал бағыт. Амстердамға рейстің ашылуы туристерге көрнекті орындарды аралауға бірегей мүмкіндік береді: Рейксмюзеум, Винсент Ван Гог музейі, қалалық музей, Амстелдегі Эрмитаж, қызыл шамдар кварталы (Де Валлен) және тағы басқалары.

* KLM (Koninklijke Luchtvaart Maatschappij «Корольдік авиациялық компания» нидерландылық авиакомпания 1919 жылы негізі қаланған. KLM және оның серіктес авиакомпаниялары бес құрлықтағы 78 елдегі 360-тан астам қаланы байланыстыратын маршруттар желісіне қызмет көрсетеді. KLM Нидерландының шегіндегі және әлемнің басқа елдеріндегі адам және тауарлар тасымалымен айналысады. 2016 жылдың басында KLM авиакомпаниясының флотында  115 ұшақ бар,  олардың арасында маңызды орын алатын  Airbus және Boeing.

* Қазақстанда өңделген жүктің және қызмет көрсетілген жолаушылардың саны жағынан «Астана халықаралық әуежайы» АҚ  екінші орынды алады. Күнделікті әуежай орта есеппен 140 астам  рейсті қабылдайды және жөнелтеді, тәуілігіне 10 000 жолаушыға қызмет көрсетеді. Астана әуежайы әуе кемесінің барлық түрлерін қабылдауға қабілетті.

shutterstock_130830602

a00351083 006