22.01.2014
Астана әуежайы 2013 жылғы жұмыс қорытындысын шығарды

osce5

Астана әуежайы қызметінің қорытындысы бойынша жолаушылар ағыны 2013 жылы 2609431 адамды құрады, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 15%-ға көп.

Ішкі бағыттар бойынша 2013 жылы жалпы жолаушылар ағыны 1630666 адамды (2012 жылмен салыстырғанда 9% -ға көбейген) құрады. Ішкі рейстерде аса көп сұранысқа ие Алматы, Шымкент және Атырау бағыттары. Халықаралық бағыттарда 2013 жылы қызмет көрсетілген жолаушылар саны 978765 адамды құрады, ол 2012 жылғы көрсеткіштерге қарағанда 21%-ға көп. Сұранысқа ие бағыттар-Абу-Даби, Ыстамбұл.

Өндірістік көрсеткіштердің өсуінің негізгі факторлары – бар рейстердің жиілігінің көбеюі және жаңа бағыттардың ашылуы.

2013 жылы Астана әуежайынан алғашқы рет Лондон, Красноярск, Бангкок қалаларына бағыттар ашылды. Сондай-ақ, алғашқы рет Гоа (Үндістан) және Родос (Греция) бағыттары бойынша чартерлік туристік бағдарлама ашылды.

2013 жылы қызмет көрсетілген рейстердің саны -20272 рейс, ол 2012 жылғы ұқсас кезеңмен (17499 рейс) салыстырғанда 16 %- ға көп. Сонымен қатар, тұрақты рейстерді 16%-ға нақты көбейткенде, кешігулер 1%-ға төмендеді.

Ұсынылған әуежай қызметтері сапасы және қауіпсіздік деңгейі бойынша ИКАО халықаралық стандарттарына сәйкес келеді.