23.04.2016
Астана әуежайы «Таза қала – бақытты қала» сенбілігін өткізді

Елорда әкімдігі жариялаған «Таза қала – бақытты қала» экологиялық айлықты 2016 жылғы 18 сәуір-8 мамыр аралығында өткізу бойынша қалалық акция және Астана қаласын абаттандыру, көгалдандыру және санитариялық тазалау шеңберінде 2016 жылғы 23 сәуірде елордалық әуежайдың қызметкерлері көктемгі дәстүрлі іс-шараға қатысты. Аталған іс-шараны өткізу қарлы қыстан кейін аумақты және іргелес аймақты тиісті тәртіпке келтіру, сондай-ақ, ұсынылатын қызметтердің сапасы жағынан ғана емес, аумақты тазалықта күтіп ұстау бойынша еліміздің ең үздік әуежайларының бірі атағын иелену үшін қажет. Кәсіпорынның және сыртқы ұйымдардың жұмыскерлері бірлесіп үлкен ынтамен қоқысты, былтырғы күзден қалған жапырақтарды жинап, ағаштар мен бұталарды ағартты, гүлзарларды, шағын сәулет нысандарды және басқаны да ретке келтірді. Әуежай басшылығы өздері үлгі көрсете отырып, қойылған мақсаттарды сапалы орындауға қызметкерлерді ынталандырды. Сенбілікке барлығы 800 адам, 10 бірлік автомобиль және басқа да техника тартылды. Өткізілген сенбіліктен кейін әуежай аумағы мен объектілері қайтадан әдемі көрініске иеленіп, күн шұғыласында жаңа түстермен жарқырай түсті.

IMG_2951

IMG_2980