4.05.2016
Астана әуежайында KLM авиакомпаниясының бірінші рейсінің салтанатты ашылуы болып өтті

2016 жылғы 03 мамырда сағат 23.30-да Астана әуежайында KLM авиакомпаниясының бірінші рейсінің салтанатты ашылуы болды. Рейсті ашу рәсімі Астана әуежайы Басқарма төрағасының кеңесші П. Ричиоттидың құттықтау сөзімен басталды. Ол өз сөзінде бірлесіп табысты жұмыс жасауға тілектестігін білдірді. Сонымен қатар, жаңа авиакомпания – бұл халықаралық орталықтармен әуе бағытын қамтамасыз ету бойынша «100 нақты қадам» бағдарламасын іске асыруға сәйкес келетін, елордалық әуежайдың дамуындағы маңызды қадам. Лентаны кесу салтанатына Қазақстанның авиациялық билік, әуежай және авиакомпания өкілдері қатысты. Әр жолаушы KLM авиакомпаниясынан естелік сыйлықтар алды, ал қонақтар мен БАҚ өкілдері лотереяға қатысты, онда бас жүлде Еуропаға (екі жаққа) билет ойнатылды. Бұдан басқа, қонақтар Нидерланд тағамының дәмін татып көрді.

Нидерланд – қазақстандық туристер арасындағы танымал бағыт. Амстердамға рейстің ашылуы туристерге Рейксмюзеум, Винсент Ван Гог мұражайы, Қалалық мұражай, Амстелдегі Эрмитаж, қызыл шамдар орамы (Де Валлен) деген сияқты көрікті жерлерді, ал Нидерланд қонақтарына Бәйтерек, Хан Шатыр, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы, Бейбітшілік пен келісім сарайы, Думан ойын-сауық орталығы және басқа да Астананың көрікті жерлерін көруге мүмкіндік туғызады.

Қазақстанда өңделген жүктің және қызмет көрсетілген жолаушылардың саны жағынан «Астана халықаралық әуежайы» АҚ екінші орынды алады. Күнделікті әуежай орта есеппен 140 астам  рейсті қабылдайды және жөнелтеді, тәуілігіне 10 000 жолаушыға қызмет көрсетеді. Астана әуежайы әуе кемесінің барлық түрлерін қабылдауға қабілетті.

KLM Голланд Корольдік авиажелілері авиакомпаниясы Нидерландта 1919 жылы құрылған. Бүгінгі күні өзінің түпнұсқалық атауындағы бұрыннан келе жатқан авиатасымалдаушы болып табылады.  KLM жолаушыларды Қазақстаннан Еуропаға, АҚШ, Канадаға, Оңтүстік Америкаға, Кариб аралына және Африкаға ыңғайлы түйіскен рейстермен қамтамасыз ете отырып, әлем бойынша 1050 астам бағытты ұсынады. 1995 жылдан бастап KLM Қазақстанда Амстердам мен Алматы арасындағы рейстерді 20 жыл уақыт бойы жүзеге асыруда.

IMG_4276 IMG_4224 IMG_4148 IMG_4179