3.05.2016
Астана әуежайындағы шағын футбол бойынша турнир

Астана әуежайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған қызметтер арасында шағын футбол бойынша дәстүрлі турнир өтті.

Салауатты өмір салты үшін жағдай жасап, қызығушылығын арттыру – елордалық әуежайдың басым бағыттарының бірі.

Авиакәсіпорын қызметтері арасындағы өткен турнирде:

1 орынға – Тексеру қызметі (команда капитаны: Д. Өмірзақов);

2 орынға – Инженерлік-авиациялық қызметі (команда капитаны:                    А. Рустюмов);

3 орынға – Әкімшілік-басқарушы қызметкерлер (команда капитаны: Ә.М. Түгел) ие болды.

Турнирге қатысушыларға қатысқаны үшін грамоталар тапсырылды, ал жеңімпаздар өз кезегінде дипломдар мен бірінші орын үшін 80 000 теңге, екінші орын үшін 30 000 теңге, үшінші орын үшін 20 000 теңге мөлшерінде сыйлықақыларға ие болды.

Ойын аяқталғаннан кейін үздік гол салушы болып Бауыржан Суженов, үздік қақпашы болып Әлібек Баталов және үздік қорғаушы болып Асет Рустюмов анықталды, олар ынталандыру сыйлықтармен марапатталды.

Астана әуежайының ұжымы үздік қатысушыларды жеңіске жетуімен құттықтап, жаңа жетістіктерге жете беруін тіледі.

IMG_4447

IMG_4051