6.05.2016
Астана әуежайы ардагерлерді құттықтады

2016 жылғы 05 мамырда Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында Астана әуежайы Ұлы Отан соғысының қатысушылары, авиация, тыл еңбеккерлері, ардагерлері және ауған жауынгерлеріне Жеңістің 71 жылдығына арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырды.

Жеңіс лентасы және қолында гүл шоқтары бар ардагерлер, Астана әуежайының басшылары бір минут үнсіздікпен қайтып келмес, бірақ тарих беттерінде мәңгі қалған қаза тапқан батырларды еске алды.

Майдангер, тыл еңбеккерлері және өз өмірін авиацияға арнаған құрметті қонақтарды Басқарма төрағасы бірінші орынбасарының міндетін аткарушы Д.Алдажаров құттықтады.  Астана әуежайы ұжымының атынан ардагерлерді келе жатқан ұлы мерекемен құттықтап, Жеңіс жолында әрқайсысының аянбай қосқан теңдесі жоқ үлесі үшін шын жүректен алғысын білдірді.

Ардагерлерге әуежай қызметкерлері, №24 орта мектеп өкілдері соғыс жылдарындағы өлеңдер мен әндерден тұратын мерекелік бағдарлама ұсынды.

Қонақтар дастарқан басында соғыс жылдарын еске алды. Әр ардагерге сыйлық пен гүл шоқтары тарту етілді. Ұлы Жеңістің тарихын ұмытуға жол бермейтін ардагерлерді жыл сайын құттықтау Астана әуежайының дәстүрлі іс-шарасына айналды.

IMG_4582

IMG_4655

IMG_4649

IMG_4729