12.05.2016
Астана әуежайында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының қатысуымен мәжіліс өтті

2016 жылғы 11 мамырда Астана әуежайында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары қатысуымен «Астана халықаралық әуежайы» АҚ жолаушылар терминалын қайта жаңартудың барысы» тақырыбындағы «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың және бюджеттік қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуын бақылау жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Мәжіліске Парламент депутаттарынан басқа «Нұр Отан» партиясы орталық аппаратының, Азаматтық авиация комитетінің, ҚТЖ, ҚТЖ Экспресс және Астана әуежайының өкілдері қатысты.

Отырыс құрылыс объектісін аралап шығудан басталды, сол кезде мәжіліс қатысушылары жолаушылар терминалын салу барысымен танысты.

Құрылыс объектісінің әр қабатында комиссия мүшелеріне әр адам нобай арқылы құрылыс аяқталғаннан кейін жолаушылар терминалының қандай болатынын көре алатын жобаның нобайлары ұсынылды.

Бүгінгі күні құрылыстың нөлдік циклі аяқталды, лифт шахталары және терминал ғимараты жерүсті бөлігінің баспалдақ алаңдары көтерілді, металл құрылымдары мен жабыны монтаждалып жатыр.

Жалпы алаңы 47 000 ш.м. құрайды, қолданыстағы терминал алаңынан екі есе үлкен. Құрылыс аяқталғаннан кейін әуежайдың өткізу қабілеттілігі жылына 7 млн. жолаушыны құрайды.

Аралап шығу аяғында отырыс өтті, онда мәжіліс қатысушылары құрылыс барысын және қолданыстағы күрделі мәселелерді талқылады.

IMG_4770

IMG_4544

IMG_4559