1.06.2016
Астана әуежайы «Нұр Отан» партиясымен бірге «Армандағы әуежайға саяхат» акциясын өткізді

«Нұр Отан» партиясының «Астана халықаралық әуежайы» АҚ бастапқы ұяшығы партияның қолдауымен аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларына және басқа санаттағы балаларға қолдау көрсетеді.

Жыл сайын аз қамтылған отбасы балалары мен жетім балаларының тұрмыс тіршілігін жақсарту мақсатында әуежай отбасылардың аталған санаттары үшін қажетті киім-кешек сатып алу арқылы түрлі қайырымдылық акцияларын өткізеді. Астана әуежайы ата-анасыз қалған балаларға көңіл бөліп, шынайы көмек көрсетуге тырысады.

2016 жылғы 27 мамырда «Нұр Отан» партиясының «Астана халықаралық әуежайы» АҚ бастапқы ұяшығы «SOS балалар ауылында», «Астана қаласының кәсіби-техникалық колледжінде» «Кітап әлеміне саясат» акциясын өткізді. Онда Астана әуежайының ұжымынан қазақ тілін қарқынды оқу бойынша балаларға 150 жиынтық әдістемелік материал берілді.

Елорда әуежайының басшылығы әлеуметтік жағдайы төмен құрамдас бөліктеріне көп көңіл бөледі. Астана әуежайы «Нұр Отан» партиясымен бірге әлеуметтік бағдарламалар мен қайырымдылық шараларын іске асыратын әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын ұстанады.