22.11.2013
Астана әуежайы кез келген төтенше жағдайларға дайын!

sam

2013 жылғы 22 қарашада «Астана халықаралық әуежайы» АҚ «Қысқы кезең жағдайында дағдарыс жағдайларының салдарын жою кезіндегі құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарға дайындалу және жүргізу» тақырыбында «Қыс-2013» Республикалық командалық – штабтық жаттығулары (бұдан әрі – жаттығулар) өтті.

Осылайша, жаттығуларға Астана халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы Қ.К. Жаухановтың төрағалық етуімен әуежайдың төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясы нақты қатысты. Комиссия өз отырысын басқару пунктінде өткізді, отырыста қызмет басшылары қысқы кезеңдегі әрекеттер және осы кезеңде метеорологиялық жағдай қиындаған, мүмкін төтенше жағдайлар туындаған немесе туындау қаупі бар жағдайларда іс – шаралар өткізу мәселелері бойынша тыңдалды. Бұдан басқа, жаттығулардың жедел жағдайы барысында, әуежай аумағында болуы мүмкін төтенше жағдайлардың тәжірибелік іс – шаралары өткізілді. Іс – шараға шамамен 100 адам қатысты, 30 бірлік арнайы техника қолданылды.

Кәсіпорын басшылығы мүмкін тәуекелдердің алдын алу маңыздылығын түсіне отырып, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік мәселелеріне көп көңіл бөледі, осы өзекті мәселелерді шешуге қажет құнт етеді және назар аударады, әуежай қызметкерлерінің жөнге салынған әрекеттерін және тырысатындықтарын беделді бағалайды.