3.06.2016
Астана әуежайы балаларды қорғау күнімен құттықтайды

Жаздың бірінші күні – 1 маусымда Астана әуежайы дәстүр бойынша балаларды құттықтайды.

1 маусымда №24 орта мектепте «АХӘ» АҚ жұмыскерлерінің кәсіподағы» ҚБ «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатымен бірлесе отырып, «Астана халықаралық әуежайы» АҚ жұмыскерлерінің балаларын құттықтады. Әр балаға «Балалардың жаздағы мінез-құлық ережесі» бояу кітапшалары, тәттілер және «Жаздағы қауіпсіз балалық шақ» кітаптары сыйға тартылды.

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ ұжымы барлық балаларды және олардың ата-аналарын мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, бақыт және көтеріңікі көңіл-күй тілейді.

20160601_105141