6.06.2016
Астана әуежайы Стритбол бойынша әлем чемпионатының қонақтарын қарсы алады.

2016 жылғы 01 маусымда Стритбол бойынша әлем чемпионаты басталды!

Астана әуежайы әлемнің 30 мемлекетінің 200-ден астам Чемпионат қатысушыларын қарсы алды. Чемпионатта Қазақстан-Нидерланды, Андорра-Франция, Нидерланды-Уругвай, БАӘ-Қытай, Жаңа Зеландия-Филиппин және басқа да командалар кездеседі. Аталған іс-шара бүкіл әлем стритбол кәсіпқойларының басын қосты.

Елорда әуежайы чемпионат қатысушыларына сәттілік және жаңа жеңістер, ал жанкүйлерге жарқын эмоциялар тілейді.

Астана әуежайының спорттық делегацияларды қарсы алуда зор тәжірибесі бар. Жыл сайын Астанада түрлі іс-шаралар өтеді, елорда әуежайы олардың қатысушылары мен қонақтарын әрқашан да қуана қарсы алады.