12.07.2016
Астана әуежайы «Жібек жолы» раллиінің қатысушылары мен қонақтарын қарсы алады

Астана әуежайының жанында ұйымдастырылған шатырлы қалашықта 1500 адам бар, олардың шамамен 1000 адамы – ралли қатысушылары, қалғандары – ұйымдастырушылық комитеттің, техникалық қызметтердің жұмыскерлері және басқалар. Шатырлы қалашықтың орны 5 га құрады. Алаң қоршалып, қажетті коммуникациямен қамтамасыз етілді: электрмен қоректендіру көзі қосылды, суық және ыстық су ұйымдастырылды.

6 ұшақ пен 8 тікұшақ Астана әуежайы әуеайлағы перронындағы тұрақ орындарында орналастырылды. Авиациялық қауіпсіздік қызметі раллидің авиациялық тобының барлық мүшелері үшін бивуактан бастап әуе кемелеріне дейін өтуді қамтамасыз етті.

Өндірістік-диспетчерлік қызмет раллидің авиациялық тобының барлық әуе кемелеріне қызмет көрсету кезінде тұрақты кестені және технологиялық үдерістерді ұстануды қамтамасыз етті.

Таңертең 13 шілде күні жарыс қатысушылары Балқаш қаласына, содан кейін Алматы қаласына барады.

«Жібек жолы» ралли-рейдтің қатысушылары жолдан тыс көлік құралдарында 95 экипажды құрады. Жарыс 24 шілдеде Бейжің қаласының орталығында аяқталады. Трассаның жалпы ұзындығы – 10 мың километр, олардың жартысынан көбі – арнайы учаскелер. Бағыт Ресей, Қазақстан және Қытай мемлекеттері арқылы өтеді.

IMG_5764 IMG_5816IMG_5822 IMG_5776IMG_5798 IMG_5803