23.07.2013
Әуежайы балаларға ұмытылмас жазғы демалыс ұйымдастырды!

original

08 шілдеден бастап 21 шілде аралығында 20 бала Щучинск – Бурабай курорттық аймағында орналасқан «Самұрық» балаларға арналған сауықтыру орталығында жаздың бар қызығын сезінді.

«Самұрықта» өткізген әрбір күні олар «Жетілдіру академиясында» уақыт өткізді, ол жерде балалар жаңа өлеңдер мен билерді үйренді, оригами өнерін үйренді, өздерін актер рөлінде сынады, тренингтерге қатысты. Таза ауада уақыт өткізгеннен кейін балаларды жайлы асхана күтті, асханада дәрумендер, балғын жемістер мен көкөністер мол болды. Міндетті түрде болған демалыстан кейін балалар бассейндерде суға түсті, көңілді су эстафеталары өтті.

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ ұжымы «Самұрық» балаларға арналған сауықтыру орталығымен бірлесе отырып, балалардың жазғы демалысын барынша жайлы етуге, ал «Юность» педагогикалық жасағының жолбасшылары жазғы демалысты жарқын өткізуге тырысты.