22.07.2016
Астана әуежайында Басқарма төрағасы тағайындалды

«Airport Management Group” басқарушы компанияның шешімімен «Астана халықаралық әуежайы» АҚ Басқармасының төрағасы болып Паоло Ричиотти тағайындалды.

Италия азаматы Паоло Ричиотти өз еңбек жолын 1974 жылы «Nigeria Airways» Ltd авиакомпаниясында (Рим қаласы, Италия) бастады. Азаматтық авиация саласында жұмыс істеген Паоло Ричиотти қатардағы менеджерден бастап «Cathay Pacific Airways», «SEA Aaerporti Milano», «SEA Handling Spa», «Astra Air Charter» және басқа әлімге танымал авиакомпаниялардың басшысына дейін кәсіби қалыптасудың барлық  кезеңдерінен өткен, халықаралық дәрежедегі жоғары білікті маман екенін көрсетті.

Паоло Ричиотти ауқымды бизнес жобаларға қатысты әуежайларды басқарушы ретінде ғана емес, сонымен қатар әлем порттары үшін қызметті жеткізуші ретінде авиациялық индустрияның барлық қыр-сырын біледі. Жұмыс барысында кешендік және мультимәдени ортада ірі адами ресурстарды басқара алды, авиациялық қызмет нарығын зерттеді, авиациялық қауіпсіздік пен ұшулар қауіпсіздігінің деңгейін ұлғайтуға көңіл бөле отырып,  тиімді басқаруды және компанияның тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін жедел ресурстарды жоспарлаған. 2012-2015 жылдар аралығында «Air Astana» авиакомпаниясында (Қазақстан) жер үстінде қызмет көрсету жөніндегі директор болып жұмыс істеді.

«Airport Management Group” басқарушы компаниясы: «Паоло Ричиоттидің кәсіпқойлығы мен Airport Management Group компаниясының үздік әлем тәжірибелерін, стандарттарын және технологияларын енгізуі, трафикті ұлғайтуы, сервисті жақсартуы және ұшулар қауіпсіздігінің стандарттарымен қамтамасыз ету бойынша мақсаттары елорда әуежайын Еуразияның жетекші әуежайы ретінде қалыптастыратына сенім артамыз» деп атап өтті.