18.07.2016
Астана халықаралық әуежайынан Балхаш қаласына алғашқы рет

2016 жылғы 18 шілдеден бастап «Южное небо» авиакомпаниясы алғашқы рет Астана халықаралық әуежайынан Балхаш қаласына дүйсенбі, сәрсенбі, жұма  сайын аптасына үш рейстік жиілікпен ұшатын тікелей рейс ашады. Рейстер AН-24 авиалайнерінде орындалады. Астана қаласынан ұшып шығу уақыты сағат 14:40-та, межелі әуежайға ұшып келу уақыты сағат 16:15-те. Жолдағы уақыты 1 сағат 35 минут.

Анықтама:                                                                                                                               

«Оңтүстік аспаны» әуе компаниясы 2014 жылы құрылған. Әуе флоты Ан-24 және Ан-2 ұшақтарынан тұрады. Әуе компания жолы қиын қалалардың тұрғындарына авиация қызметін пайдалануға мүмкіндік бере отырып, Қазақстанның ірі қалаларынан облыс орталықтарына қазақстанішілік маршруттарды орындауға мамандандырылған. Сондай-ақ компания чартерлік тасымалдарды орындайды, оған тапсырыс беретіндер футбол командалары, спорт мекемелері, сауықтыру орталықтары және т.б. болып табылады.
Артықшылығы Қазақстанда санитарлық авиацияның ұшуларын жүзеге асыру болып табылады. Тұрақты рейстерге билеттерді сату әуе компанияның серіктесі – SCAT әуе компаниясының қолдауымен жүргізіледі.