2.08.2016
Астана әуежайы жаңа жолаушылар терминалына серіктестерді іздейді

2017 жылы Астана әуежайы алаңы 47 000 ш.м. құрайтын жаңа жолаушылар терминалының құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр.

Қазіргі уақытта авиакәсіпорын коммерциялық алаңдарды бөлу тұжырымдамасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде.

Сауда алаңдарының, қоғамдық тамақтану пунктілерінің, сондай-ақ, әуежай жолаушылары мен келушілерінің жайлылығын арттыруға бағытталған басқа да қызметтердің заманауи және жарқын көрінісін қамтамасыз ету мақсатында, елорда әуеайлағы мүдделі тұлғаларға қызығушылық білдіруге сұрау салады.

Толық ақпаратты www.astanaairport.kz әуежай сайтынан көре аласыздар немесе +7 7172 777 733, +7 7172 777 023, +7 7172 777 898 телефондары арқылы сұрауға болады.