12.08.2016
Тамақ қауіпсіздігі – елорда әуежайының ең маңызды басымдылығының бірі

Астана әуежайы Тамақ қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық басшылықтың стандарттарын ендірді. Аталған басшылықты Халықаралық борттық қызмет көрсету ассоциациясы (Flight Services Association) және Еуропалық авиажелілер ассоциациясы (Association of European Airlines) әзірледі.

Халықаралық борттық қызмет көрсету ассоциациясы әлемдік кәсіби ассоцияция болып табылады және борттық тамақтандыру, тұрақты бағыттар бортында қызмет көрсету жөніндегі қызмет жеткізушілердің, авиакомпаниялардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құрылды.

Халықаралық басшылық Астана әуежайының аумағында тамақтандыру қызметін көрсететін жеткізушілерге қолданылады. Осы топқа: Астана әуежайында борттық тамақтандыру қызметін көрсететін «Gate Gourmet Central Asia» ЖШС.