22.08.2016
Астана әуежайында «Балаларды мектепке дайындайық!» жылсайынғы қайырымдылық акциясы өтті

Елордалық әуежай  дәстүрлі,  2016 жылғы 19 тамызда, жаңа оқу жылы басталар алдында «Балаларды мектепке дайындайық!» атты жалпы республикалық қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Оның мақсаты көп балалы, аз қамтылған және толық емес отбасылары бар қызметкерлерге балаларды мектепке дайындауға қолдау көрсету. Акция Астана әуежайының бюджетінде қарастырылған арнайы бөлінген қаражатпен қаржыландырылды.

Бірінші рет мектепке баратын балаларға ерекше назар аударылды. Оқушыларға (1-9 сынып) салтанатты түрде барлық қажетті құралдар (бояулар, дәптерлер, қаламсауыттар, қаламсаптар, альбомдар және басқа да заттар)  бар мектеп сөмкесі табысталды.

Оқушылар мен олардың ата-аналарына 1 қыркүйек жарқын және есте қаларлық мереке болуы үшін «Астана халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамы және «Астана халықаралық әуежайы» АҚ қызметкерлерінің  кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің басшылығы қолдан келгеннің барлығын жасады.

Астана әуежайының қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету авиакәсіпорынды дамытудың басты бағыттарының бірі болып табылады.

IMG_6508IMG_6421 (1)