29.08.2016
А380 Астана әуежайына амалсыздан қонды

Air France авиакомпаниясының әлемдегі ең үлкен А380 жолаушылар ұшағы            Астана әуежайына амалсыздан қонды

29 тамызда таңертең Астана әуежайына тұңғыш рет Гонконг – Париж бағытындағы Air France авиакомпаниясының әлемдегі ең үлкен Airbus А380 жолаушылар ұшағы шұғыл қонды. Қону себебі жолаушылардың бірінің денсаулығы нашарлауы болды.

Airbus А380 ұшағы экипажының командирі бүгін ерте Астана әуежайына шұғыл қонуға рұқсат сұрап Астана уақытымен сағат 4:40-та  қонды. Үлкен әуе кемесіне шұғыл тұрақты қамтамасыз ету үшін магистральді рульдеу жолағы жабылды және қажетті көмек  дереу көрсетілді. Басында медициналық көмек бортта көрсетілді, бірақ жағдай мамандандырылған көмекті талап еткендіктен, капитанның кеңесі бойынша, 1961 жылы туылған науқас әйел жолаушы түсіріліп, ауруханаға жіберу туралы шешім қабылданды. Барлық жерүсті рәсімдері аяқталған соң, жанармай құйғаннан кейін ұшақ соңғы межелі пункт Парижге жергілікті уақытпен сағат 07:33-те ұшып кетті.  Әуе кемесінің бортында 468 адам болды, жолаушылардың бірі науқастанып қалды. Біз осындай күрделі шұғыл жағдайда жылдам шаралар қолдана білген, шешім  қабылдауға ықпал еткен  Астана әуежайы қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін атап өткіміз келеді.

Air France for websiteФото А380 в аэропорту Астаны