15.09.2016
Астана әуежайында жүк инфрақұрылымын дамыту

2016 жылғы 15 қыркүйектен бастап Астана әуежайында Астана арқылы келіп түсетін жүктер мен тауарларды кедендік ресімдеуге арналған кеден бекетінің ғимараты пайдалануға енгізілді. Аталған кеден бекеті елордалық әуежайда кедендік рәсімдерден өтуді оңайлату мақсатында құрылған. Ғимараттың ауданы 270 ш.м. құрайды. Кеден пунктінде келушілер үшін қызмет көрсетуге ыңғайлылық жасайтын электрондық кезек қарастырылған. Ресепшен аймағында келушілерді қызықтыратын мәселелер бойынша кеңес беретін жұмыскерлер үнемі қызмет көрсетеді. Бұл кеден бекетінде клиенттерге тосқауылсыз қызмет көрсетуді тұспалдайтын «open space» қызмет көрсету жүйесі орналастырылған.

Кеден бекеті жүк инфрақұрылымын дамыту жолындағы жобалардың бірі болып табылады. Әуежайдың келешек жоспарларында жаңа кеңсе және қойма жайларын, жүк терминалы қызметін тұтынушыларға жалпы қолжетімдік құру жолымен жүк тасымалын дамыту көзделген.

Екінші әрекетті қадам – тексеру өткізу бекетін жүк терминалы артына көшіру. Осылайша, жүк терминалына қолжетімдік клиенттер үшін кедергісіз болады.

Сонымен қатар, деректерді өңдеу, кедендік құжат айналымы жағынан тұтынушылардың Астана әуежайымен өзара әрекет етуі жеңілдетіледі.

Астана әуежайының жүк инфрақұрылымын дамыту елордада ЭКСПО 2017 халықаралық көрмесін өткізуге әуежайды дайындаудағы маңызды аспект болып табылады. Әуежай Орталық Азияда ірі хабты құру үшін жүк инфрақұрылымын да, жолаушылар инфрақұрылымын да бұдан әрі дамытуды жалғастырады.

IMG_6894
IMG_6895 IMG_6877IMG_6992 IMG_6995