22.09.2016
Астана әуежайы Паралимпиада ойындарының делегациясын қарсы алады

2016 жылғы 22 қыркүйек сағат 04:35-те Астана халықаралық әуежайына Амстердамнан Қазақстанның паралимпиадалық спорт делегациясы бар ұшақ келіп қонды.

2016 жылғы 7-18 қыркүйек аралығында Рио-де-Жанейро қаласында (Бразилия) Қазақстан спортшылары қатысқан XV Паралимпиадалық ойындары өтті. Осы жолы ел намысын 5 спорт түрінде Қазақстанның 11 паралимпиадашысы қорғады. Лондонда өткен Паралимпиада ойындарында Қазақстаннан 7 атлет қатысқан еді.

Алтын медаль иесі Зульфия Габидуллина (Жамбыл обл., 100 м жүзу/еркін стиль) және күміс медаль иесі Раушан Қойшыбаева (Алматы обл., пауэрлифтинг, 67 кг. дейінгі салмақ дәрежесі).

Спортшыларды туған-туысқандары, жанкүйерлері, Мәдениет және спорт министрлігінің және Әкімдіктің өкілдері қарсы алды.

Зульфия Габидуллинаның алтын медалі Паралимпиада ойындарында егемен Қазақстан тарихындағы бірінші медаль болып табылады.

Елорда әуежайы чемпиондарды жеңісімен құттықтап, жаңа жетістіктер тілейді.

IMG_7156 IMG_7188 IMG_7205IMG_7166