24.09.2016
Елорда әуежайы «Астана – таза, қауіпсіз және жасыл қала» сенбілігін өткізді

2016 жылғы 09 қыркүйек – 09 қазан аралығында елорда әкімі жариялаған экологиялық айлықты өткізу бойынша қалалық акция және абаттандыру, көгалдандыру және санитариялық тазалау бойынша қалалық сенбілік аясында 2016 жылғы 24 қыркүйекте елорда әуежайының қызметкерлері «Астана – таза, қауіпсіз және жасыл қала» атты күзгі дәстүрлі іс-шараға белсене қатысты. Тек қана көрсетілетін қызмет сапасымен ғана емес, аумақты таза күйінде ұстау жағынан да еліміздің ең үздік әуежайлары атауын абыроймен ұстау үшін аумақты және іргелес аймақты тиісті тәртіпке келтіру қажет еді. Кәсіпорын және сыртқы ұйым қызметкерлері бірлесе отырып, барынша күш-жігерімен қоқысты, өткен жылғы жапырақтарды жинап, ағаштар мен бұталарды сылап, гүлзарларды, шағын сәулет қалыптарын және т.б. қалпына келтірді. Әуежай қызметкерлері үшін бұл жоспарлы іс-шара ғана емес және ұжым жоғары белсеңділігімен қолдайтын дәстүр.  Сонымен қатар бейресми жағдайда бір бірімен әңгімелесу, ақпаратпен алмасу және әріптестермен бір ортада болу үшін себеп. Әуежай басшылығы өз үлгісімен қызметкерлерді қойылған мақсаттарды сапалы орындауға жігерлендірді. Барлығы 800 адам, автомобильдің 10 бірлігі және басқа да техника қатыстырылды. Өткізілген сенбіліктен кейін әуежай объектілері, аумағы әсемдікке бөленіп, көктемгі жарық күннің шуағымен жарқырай түсті.

IMG_5632IMG_5658IMG_5663IMG_5608IMG_5612

IMG_5570