26.09.2016
Астана әуежайында «Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің кепілі» атты жарыс сабақ өтті

1998 жылдың 20 қаңтарында елімізде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен 22 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күні болып жарияланды.

Тіл мерекесіне орай 2016 жылғы 23 қыркүйекте Астана халықаралық әуежайында іс қағаздарын жүргізушілер арасында «Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің кепілі» атты жарыс сабақ өткізілді. Жарыс сабақтың мақсаты – Тілдер мерекесін дәріптеу, тыңдаушылардың мемлекеттік тілді меңгерудегі қызығушылығын ояту, тыңдаушылардың шешендік шеберлігін дамыту. Басында әуежай қызметкерлерін мерекемен тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Роза Елеуқызы Сейтмағанбетова құттықтады.

Жарыс сабақ 3 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім «Сөз тапқанға қолқа жоқ» деп аталады. «Білімді мыңды жығады» деген екінші бөлімде тыңдаушылар «Астана халықаралық әуежай» АҚ, Қазақстан Республикасы, Астана туралы сұрақтарға жауап берді. Келесі «Мақал – сөздің мәйегі» бөлімінде тыңдаушылар мақал-мәтел бойынша жарысты.

Жарыстың соңында әділқазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады. Жеңімпаздар еңбекті қорғау жөніндегі жетекші инженер Р.А. Абылқайыров, АҚҚ әкімшілік бөлімшесінің инспекторы Ж.Қ. Бимағамбетова, ТБ инспекторы С.Т. Мұқанова, ИАҚ есеп жөніндегі технигі А.Е. Шушакова, ҰҚ жөніндегі инженер-инспектор С.А. Қорғашова.

Әділқазылар алқасы кәсіподақ төрайымы  Г.Д. Шамкенова, тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Р.Е. Сейтмағанбетова, тексеру бөлімшесінің инженері Ғ.Н. Сүлеев, ақпараттық технология және  коммуникация қызметі бастығының орынбасары Ә.К.Жалмұрзаев жарысқа төрелік етті. Сабақты мемлекеттік тілді оқытушы К.С. Зәмзебай жүргізді.

Астана әуежайы басшылығының және кәсіподақ тарапынан көрсетілген қолдауының арқасында қатысушыларға дастарқан жайылды. Жарыс сабақ әуежай қызметкерлерінің құттықтауымен тамаша нотада аяқталды.

IMG_7216 IMG_7231 IMG_7262 IMG_7269

IMG_7210