19.09.2017
Реттелетін коммуналдық қызметтерге тарифтерді бекіту

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің 2017 жылғы 31 шілдедегі № 90-НҚ, 2017 жылғы 15 қыркүйектегі 116-НҚ және 117-НҚ бұйрықтарымен қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісіне «Астана халықаралық әуежайы» АҚ келесі реттелетін қызметтеріне тарифтер және тарифтік сметалар бекітілді:

- суды тарату желілері арқылы беру– 384,15 теңге/м³ (қосымша құн салығынсыз);

- ағынды суды бұру және тазарту – 357,06 теңге/м³ (қосымша құн салығынсыз);

- жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) жабдықтау – 16 958,76 теңге/Гкал (қосымша құн салығынсыз)

Қолданысқа енгізілуі  – 2017 жылғы 1 қазан.