Біздің елорда

astana - bayterek monumentАстана – қазақтардың және барша Қазақстан халқының мақтанышы. Астана – жаңа Қазақстан ұлылығының белгісі. Астананың негізін қалаушы және бас сәулетшісі Президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.Еліміздің астанасын Алматыдан Ақмола қаласына көшіру туралы маңызды әрі шешуші бастаманы ұсынған да Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болатын. Осындай дана және өміршең шешім қабылдай отырып, ол ірі мемлекеттік қайраткер ретінде өзінің қырағылығы мен көрегендігін байқатты.

Көз алдымызда өзгеріп отыратын жас астана – Қазақстан халқы жасампаздығының, шығармашылығының және дамуының белгісі. Қазақстанның қазіргі заманғы астанасы өркендеп, құлпырып, Қазақстан тұрғындар мен шетел қонақтарының қызығушылықтарын оятуда. Еуропалық және шығыс мәдениетінің дәстүрлері кірістірілген қазіргі заманғы сәулет стилі жаңа астананың экономика, саясат және мәдениет орталығы ретіндегі келбетін айқын бейнелейді.

Астана жаңа Қазақстанның мақтанышына, ұлттық идея мен ел бірлігі нығаюының белгісіне айналды. Қазақстанның болашағы осы уақытқа дейін «жаңа астана» деп қабылданып келген, қазіргі уақытта XXI ғасырға аяқ басқан Қазақстанның жаңа бейнесінің ажырамас бөлігі болып табылатын Астананың болашағымен тығыз байланысты.

002Біздің елордамыз Астана енді Еуразия кеңістігінің орталығындағы Сарыарқа жүрегінде орналасқан. Астана біздің баршамызды, әсіресе шетелдіктерді өзінің құрылысының екпінді және қуатты жылылығымен, қайталанбас әдемілігімен, қазіргі заманғы сәулетінің алуан түрлілігімен таң қалдырады.

Көпшілік Астананың қарқынды дамуына қызыға қарап, оны бейбітшіліктің қаласы ретінде мақтан тұтады. Себебі, халықаралық конференциялар, саммиттер, форумдар және басқа да мемлекет, үкімет басшыларының, дипломаттардың, жоғары дәрежелі ресми делегациялардың халықаралық өмір мен мемлекетаралық қатынастың өзекті мәселелері бойынша маңызды кездесулері осы қалада өтеді. Астана алдыңғы қатарлы идеялар мен жетістіктердің орталығы болып табылады. Астана қазіргі әлемде ерекше құрметке ие.

Астананың тамаша сәулетінің ансамбліне әлемнің көптеген адамдары назар аударып, қызығушылық танытады. Астанада қазір көптеген әсем көп қабатты тұрғын үйлер, әкімшілік ғимараттар, қолайлы спорттық-сауықтыру кешендері және басқа да адам өміріне қажетті объектілер салынуда.

Болашақта Астана тек Еуразияның ғана емес, әлемнің негізгі қалаларының біріне айналады. Қарқынды және қуатты дамудың және Астананың ХХІ ғасыр қаласына айналуы – біздің еліміздегі туыстас халықтар бірлігінің, ынтымақтастығының, берік жігерінің, еңбегінің нәтижесі.

Бүгінгі таңда Қазақстанның елордасы Астанаға еліміздің тұрғындары ғана емес сондай-ақ, шетел қонақтары да қызығушылық танытады. Шығыс және еуропалық мәдениеттің ең үздік дәстүрлері үйлестірілген Астананың маңызды сәулет стилі Астананың саясат, мәдениет және экономика орталығы ретіндегі келбетін танытады.