Астананың мәдени өмірі

Астана – ірі мәдени орталық. Астанада мәдени мекемелердің кеңінен дамыған. Қазіргі уақытта Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театры, М.Горький атындағы орыс драма театры, К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры, кітапханасы, концерттік залы, органдық музыка залы бар Президенттік мәдени орталығы жұмыс істейді. Астананың мәдени өмірінде Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық сарайы, «Жастар» сарайы, Мемлекеттік филармония, мұражайлар маңызды рөл атқарады.

Астананың мәдени өмірінде басты орынға сурет өнері ие. Астанада атақты сүретшілер мен жас дарындардың қатысуымен «Has-Sanat», «Impression art», «Шежіре» көркем галереяларында көрмелер өткізіледі.

Әрине, қазіргі заманға сай Астананың көркін жаңа сәулеттік ғимараттар ашып тұр, олар қаланың ажарын танымайтындай етіп өзгертті. Объектілерді жобалауға шетелдік сәулетшілер, алдыңғы қатарлы құрылыс компаниялары тартылды.

Мысал үшін, британдық шебер Норман Фостердің екі жобасы Астана қаласында салынды. Соның бірі, конфессияаралық келісімді, қазақстандық қоғамның толернаттылығын бейнелейтін Бейбітшілік және келісім сарайы болып табылады.

Бейбітшілік және келісім сарайы шынымен және гранитпен қапталған, ол 15 метр биіктікте орналасқан. Оның ауданы 25,5 мың шаршы метр. Бейбітшілік және келісім сарайы ғимаратында көрме және концерт залдары, өркениет университеттері, әлемдік діндерді зерттеу орталығы мен рухани конфессия кеңселері жұмыс істейді. Пирамида ортасында 1 357 орынға арналған опера театры бар, үстіңгі жағында сақина тәріздес ең басты жайы – конфессиялар залы орналасқан.

2009 жылғы 15 желтоқсанда итальяндық шебер М.Николетти жобасы бойынша салынған 3,5 мың орынға арналған «Қазақтан» орталық концерттік залдың ашылуы салтанаты болды. Ғимарат көлбеу орналасқан пластина-қабырғалар түрінде салынған. Ғимараттың түрін шағын желкенге немесе раушан гүлдің жапырақтарына ұқсатуға болады.

Сондай-ақ 15 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Сарайы өз қызметін бастады. Қабырғалары қазақтың киіз үйінің керегесі түрінде жасалынған монументтілік ғимарат Астананың ең әдемі сәулетті ғимараттарының бірі болды. Тәуелсіздік сарайы ресми мемлекеттік іс-шаралар, форумдар, кеңестер, кездесулер, съездерді өткізетін орынға айналды. Жайлардың сыйымдылығы, техникалық жабдықталғандығы және ыңғайлылығы барлық өтетін іс-шараларды халықаралық деңгейде өткізуге және жарықтандыруға мүмкін береді. Ресми іс-шаралармен қатар концерттерді, көрмелерді, салтанатты мерекелерді өткізуге де барлық мүмкіндік бар.

Ішкі құрылғылары қатал шешімдермен жайлылыққа тартатын әсемдіктің таң қаларлық үйлесімділігін танытады. Бұл жағдайда ғимараттың бірінші қабаты нақты ауқымды іс-шараларды, ресми емес кеңестерді, кездесулерді өткізуге арналған.

Тәуелсіздік Сарайының құрамына 3000-нан астам адам сыятын, Баспасөз орталығы, Салтанатты зал, Мейрамхана, Қолданбалы өнер мен этнография галереясы, Қазіргі заманның өнер галереясы, Астана қаласының тарихына арналған мұражай кіреді.

2000 жылы пайдалануға берілген Президенттік мәдени орталық астаналықтар үшін ғылыми-рухани орталықтардың бірі болды. Президенттік мәдени орталықтың құрамына 570 мың кітап қоры бар кітапхана, 400 орынға арналған концерт залы, Қазақстан мұражайы және шеберханалар кіреді. Ғимараттың Астананың мәдени-рухани өмірінде ақ-қара түсті клавишалары кезектескен рояльға ұқсайтын Қазақ мемлекеттік музыка академиясы бой көтерген. Осы ерекше архитектураның авторы – Сағындық Жанболатов. Астанадағы тағы бір ерекше көзге түсетін ғимарат ұшатын тарелканы бейнелеген цирк ғимараты. Жобаның авторы – қазақстандық сәулетші Төлеген Әбділда.

Бүгінгі таңда елорда әлемнің жиырмаға жуық қалаларымен, Ресейдің алты аймағымен достық қарым-қатынаста. Астана үлкен қалалар мен Халықаралық астаналар Ассамблеясына (ХАА) кірген. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астанаға, ең жоғары белгілердің бірі “Бейбітшілік қаласы” деген атақ берді.