Мұражайлар

Президенттік мәдениет орталығының мұражайы.

Мұражайдағы экспонаттар ерте уақыттан, яғни, қазақ хандығының пайда болып, қалыптасуынан бастап Қазақстанның тәуелсіздік алғанына дейінгі кезеңдерді қамтиды. Археологиялық галерея, Алтын адам сақталған алтын және бағалы металлдар залы ерекше қызығушылық туғызады.

Астананың Республика даңғылы және Бараев көшесі сияқты ірі екі магистралдарының қиылысынан өтетін болсаңыз, үлкен ақ түсті Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығының ансамблін көруге болады. Құс ұшатын биіктіктен ол төрт жаққа сәуле шашатын шеңбер тәріздес көрінеді, ол қазақ халқының дәстүрлі мәдениетіне тән. Түрік сәулет дәстүрінің құрметі – биіктігі 38,5 метрді құрайтын көгілдір күмбез қалаға Шығыс хош иісін сыйлайды. Ол радиусы 19,5 метрді құрайтын бес қабатты мұражай құрылымының осьтік орталығын түйістіреді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұражайы мен С.Сейфуллин атындағы республикалық көпшілік кітапхананы біріктіру жолымен жасалған кешен Қазақстан халқы рухани мұрасы мен мәдени дәстүрінің «аккумуляторына» айналды.

Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығының координаттары:

Астана, Республика даңғылы, 2
Байланыс телефоны: 8 (7172) 22 33 19
Факс: 8 (7172) 22 32 90

 

Қазақстан Республикасы Бірінші Президентінің мұражайы.

Қазақстан Республикасы Бірінші Президентінің мұражайы Елбасының бұрынғы Резиденциясында орналастырылған. Біртұтас кешен құрайтын теңдесі жоқ үй бұйымдары, ішкі көрінісі өзгермеген қалпында сақталған. Алғашында мұражайға ел Президентіне сыйға тартылған кәдесыйлар, кітаптар, суреттер қойылды. Бүгінгі таңда мұражай топтамасында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мұрағаттық қолжазбалары, баспа материалдары, кино және фото-сурет құжаттары, бейнелеу және декоротивтік-қолданбалы өнер туындылары, қаруы, жеке заттары мен құжаттары, Елбасының наградаларының топтамасынан тұратын 60 мыңнан астам бірлік сақталады. Мұражай экспозициялары тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңдерінен сыр шертеді және еліміздің бірінші Президентінің өмірі және қызметі туралы әңгімелейді.

Қазақстан Республикасы Бірінші Президенті мұражайының координаттары:

Астана, Бейбітшілік көшесі, 11
Байланыс телефондары: 8 (7172) 75 12 14, 8 (7172) 75 12 92

 

Сәкен Сейфуллин атындағы мұражай.

Өткен ғасырда (1846 ж.) салынған, маңдайшасы ақ, кіре берісі тапал ағаш үй. Мұнда 1988 жылғы 20 ақпанда Қазақ СРО Министрлер кеңесінің өкімімен ақын, прозаик, драматург, публицист, сыншы, әдебиет танушы, сазгер, педагог, қоғамдық және мемлекеттік қайраткер Сәкен Сейфуллиннің мұражайы ашылды. Бұл оның өмірімен және қызметімен байланысты тарихи, материалдық, рухани мәдениет ескерткіштерін сақтауға арналған орын ғана емес, сондай-ақ, өз алдына ағартушылық міндеттер қоя білетін ғылыми-зерттеу кәсіпорны. С.Сейфуллин мұражайы он сегіз жыл жұмыс істеген уақыт бойы қазақ халқының жарық жұлдызына айналған ұлының шығармашылық және рухани мұрасын насихаттап келеді. Мұражай Астананың тарихи және рухани орталықтарының біріне айналды.

Сәкен Сейфуллин атындағы мұражайы координаттары:

Астана, Әуезов көшесі, 20А
Байланыс телефондары: 8 (7172) 32 35 63, 8 (7172) 32 84 67
Факс: 8 (7172) 32 15 90

 

Қазіргі заманғы өнер мұражайы.

Қазіргі заманғы өнер – бұл жаңа негіз нысанына айналған мәңгілік. Астанада құрылғанына 26 жыл толған, мәңгілік, тұрақты дүниелердің бір сәттілікке, қажеттілікке айналатын орны бар, ол – қазіргі заманғы өнер мұражайы. Қазіргі таңда мұражай қорында Қазақстан, Ресей және достастық елдерінің бейнелеу өнері шеберлерінің 3 000 астам шығармалары жинақталған. Мұражай топтамасы ұзақ мерзімді зерттеулердің және сурет төсемелерінде және графикалық парақтарда бейнеленген мәдени құндылықтарға деген қызығушылықтың нәтижесі болып табылады. Бұнда Қазақстан, Ресей, Украина, Белоруссия, Өзбекстан, Грузия, Армения, Латвия, Литва, Эстония, Тәжікстан және өзге де достастық елдерінің шын мәнінде теңдесі жоқ туындылары сақталады. Топтама бейнелеу өнерінің барлық жанрларында, техникаларында ұсынылған, туындылардың тақырыптары да сан алуан.

Қазіргі заманғы өнер мұражайының координаттары:

Астана, Республика даңғылы, 3
Байланыс телефоны: 8 (7172) 21 54 33
Факс: 8 (7172) 21 54 32