Театрлар

К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры

Астанаға пойызбен келген кез келген адамның көзіне бірден үш қабатты кірпіштен салынған ғимарат түседі. Бұл ғимарат ХIХ ғасыр соңындағы классикалық стиль сәулетінің үлгісі болып табылады. Орталық портал жартылай колоннадан, ризалиттен, фронтоннан, әсем қуыстардан, пилястрлерден жасалған. Қайта жаңартылған Целиноград теміржолшылар сарайы осыдан алты жыл бұрын бүгінгі күні К.Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театры деп аталатын тамаша ұжымға берілді. Қазіргі уақытта ол еліміздің ең жас музыкалық театры болып саналады. Ұлттық театр сахнада түрлі дәуір мен стильдердің қойылымдарын қоя отырып, шапшаң көркемдік дамудың нәтижелерін көрсетуде. Театр Дж. Пуччинидің «Тоска» (қоюшы режиссері Ресейдің еңбек сіңірген қайраткері Ю.Александров) қойылымын және Ф.Шопен «Шопениана», Р.Шуман «Карнавал» бір актілі циклін қоюды жоспарлап отыр.

К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының координаттары:

Астана, Ілияс Есенберлин көшесі, 10
Байланыс телефоны: 8 (7172) 39 27 60
Факс: 8 (7172) 38 00 89

 

 Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театры, МКҚК.

Қалыбек Қуанышбаев атындағы астаналық музыкалық-драма театрының тарихы 1991 жылғы 15 қарашадан бастау алады. Он бес театрлық кезеңде жұмыс атқарды. Театр сахнасында Ғ.Мүсіреповтің, М.Әуезовтің, Ш.Айтматовтың, Т.Ахтановтың және басқа да белгілі драматургтар мен жазушылардың шығармалары қойылды. Классика, шебер лиризм, жоғары рухани дүниенің бастамасы сомдалған бұл сахнадан әрбір көрермен өзіне қажетін алады. Биылғы жылы труппа астаналық театрал төрелігіне жеті жаңа қойылым ұсына отырып, шығармашылықтың шыңына көтерілмекші.

Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театрының координаттары, МКҚК:

Астана, Омаров көшесі, 47А
Байланыс телефондары: 8 (7172) 32 36 01, 8 (7172) 32 36 24
Факс: 8 (7172) 32 34 60

 

М.Горький атындағы орыс драма театры.

1899 жылы Ақмола қалалық басқармасы қоғамдық театр үшін ғимарат алды. Негізінен, М.Горький атындағы орыс драма театрының алғашқы іргетасы осыдан жүз жыл бұрын қаланған болатын. Осы аралықта театр сахнасында көптеген тамаша спектакльдер қойылды. Жүз жыл ішінде театр күңгірт кезеңдердің, соғыс, ақша тапшылығының және бөлінулердің салдарынан туындаған барлық қиындықтарды бастан кешірді. Ал, бүгінгі таңдағы орыс театры – жоғары кәсібилік пен сахналық мәдениет деңгейіне көтерілді. Шығармашылықтың сарқылмас қуатын көпшілікке паш ететін ұжым көрермендерге М.Горькийдің, А.Чеховтың, Н.Гогольдің, А.Пушкиннің, Бомаршенің, Ж.Б.Мольердің, Ф.Достоевскийдің, сондай-ақ К.Драгунская, Н.Птушкина, А.Дударев, Л. және А.Чутко, К.Сергиенко, Ж.Ж. Брикер, М.Ласег сияқты қазіргі заманғы авторлар кейіпкерлерінің жарқын бейнелерін ұсынады – бұл авторлардың шығармалары бойынша қойылымдар театр репертуарында бекем орныққан.

М.Горький атындағы орыс драма театрының координаттары:

Астана, Желтоқсан көшесі, 11
Байланыс телефондары: 8 (7172) 32 05 70, 8 (7172) 32 40 53
Факс: 8 (7172) 32 24 21, 8 (7172) 32 82 23