Туристік Астана

tur

Астана – Қазақстан Республикасының елордасы – еліміздің серпінді дамып келе жатқан әкімшілік және іскерлік орталығы.

Географиялық орналасуы

Астана Қазақстанның солтүстік орталығында Ақмола облысында орналасқан. Географиялық координаталары – солтүстік ендігі 51 градус 10 минут, Шығыс бойлығы 71 градус 30 минут. Астана V сағаттық белдеуде орналасқан. Нөлдік меридианға қатысты жергілікті уақыт +06.00 GTM бойынша есептеледі. Қазақстанның астанасы Еуразия орталығында орналасқан.

Ауа райы

Астананың ауа райы өте континентті болып келеді. Қар мол жауып, қысы ұзақ болады. Қаңтар айының орташа температурасы -14 (-18) °C. Қоныржай, ыстық жаз күндері нөсер жаңбыр жауады, ашық шуақты күндер жиі болып тұрады. Шілде айының орташа температурасы +20 (+24) С.

Аумағы

Астана қаласының аумағы 722 шаршы км-ді алып жатыр (салыстыру үшін: 1997 жылы қаланың алаңы 258 км² құрды).

Халқы

Астанада жүзден астам ұлт өкілдері тұрады. Астана тұрғындарының саны бүгінгі күні 700 мыңнан астам.