Демалыс аймақтары

«Бурабай» ұлттық табиғи паркі

burabayҚазақстанның солтүстігінде, біздің ғаламшарымыздың ең көрікті жерлерінің бірінде, Ақмола облысының аумағында «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі  орналасқан.  Бурабай Қазақстандағы ең танымал курорттардың бірі. Бұл жер бетінде сирек кездесетін өзіндік орны бар географиялық пункт ретінде кеңінен танымал. Бурабай шатқалының жоғарғы жағы Қазақ ұсақ шоқыларының құрамына кіретін аласа таулы елдерді көрсетеді. Биік таулар және қылқан жапырақты орман, айдынды көл және таза ауа. Табиғаттың шипалы қуаты жақсы демалуға және денсаулықты қалпына келтіруге мүмкіндік тудырады. Қазіргі уақытта ұлттық парктің жалпы ауданы 83 510 гектарды құрайды, оның ішінде 47,4 мың гектары орманды алқап. Ұлттық парк Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасына қарасты ерекше қорғалатын табиғат аймағына енетін табиғатты қорғайтын мемлекеттік мекеме болып табылады.  Бурабай – санаторийлердің, профилакторийлердің, демалатын орындардың, спорттық-сауықтыру лагерлерінің мекені.  Мұнда денсаулығын жақсартуға, табиғатымен танысуға, демалуға он мыңдаған адамдар келеді. Бурабайдың шипажайларында тыныс жолдары органдарын және ішек-қарын трактасын, жүрек-қан тамыр жүйесін, жүру-қозғалу аппараттарын емдейді. Бұнда дала шөптерінің және қылқан жапырақты орманның хош иісі сіңген таза ауамен тыныстайсыз.

Бурабай – сансыз көп көлдердің мекені. Ең терең көл Жеке-Батыр жотасының шығыс баурайында орналасқан – Щучье көлі, оның ені 3 км-ден артық, ал тереңдігі 18 метрге дейін жетеді. Көлде алабұға, шортан, шабақ балықтары бар. Аталған көл Бурабай курортының темір жол станциясы орналасқан аудан орталығы, Щучинск қаласының жанында орналасқан.

Бурабай – демалатын, қайықпен, катамаранмен жүретін сүйікті орын. Егер көлдің айналасынан өтсең (ол 12 км) Громовой көлінің бастауында иілген ағаштар атауын айтып тұрғандай  «билеп тұрған» шоқ қайың табиғат ескерткішін көруге болады. Көлдің шығыс жағасы құмды жаға, шомылуға, демалуға арналған жайлы орын.

Көкшетау қыратының орталық бөлігін Көкшетау тауы алып жатыр (теңіз деңгейінің ең жоғары биіктігі 947 метр). Күннің, судың және желдің әсерінен миллиондаған жылдар ішінде олар аңдармен, ертегі кейіпкерлерімен ұқсастығын анықтауға болатын нысандарға ие болды.   Мысалы, Оқжетпес тауының шыңы өз нысанымен жатқан пілдің бейнесін бейнелейді.
Оның етегінен Көгілдір шығанағынан 18 метр биіктікке Жұмбақтас тауы көтеріледі. Ол әр жағынан қараған кезде шашы жалбыраған қыздың, әйелдің және кемпірдің бетін көруге болатындығымен қызықты.  Бурабай және Үлкен Шабақты көлдерінің арасынан керемет көріністі тамашалауға болады. Ол жерден Көкшетау тауы көрінеді, Бурабай, Жеке-Батыр, Оқжетпес таулары көзге шалынады.

Бурабайға қош келдіңіз!

«Баянауыл» ұлттық мемлекеттік табиғи паркі

bayanayul

Баянауыл – мемлекетіміздің ең сұлу өңірлерінің бірі: қарағайлы ормандар жапқан  таулар, алқапта көптеген көлдер.  Қазақтың ақселеу айдаласында  орналасқан Баянауыл таулары жасыл аралға ұқсас. Шағын және үлкен саяхатшылар жолдары оның шатқалдары бойымен жылан тәрізді өрмелеп жатыр. Туристердің біреуін көгілдір көлдер, басқаларын – саңырауқұлақ пен жидекке бай қарағай және жапырақты ормандар, кейбіреулерін – көп ғасырлар бойы желмен және сумен жасалған туындылар – табиғи тас мүсіндері қызықтырады.

Осы табиғи саябақ аумағында үш ірі тұщы сулы көл орналасқан–Сабындыкөл, Жасыбай және Торайғыр, сондай-ақ бұдан да едәуір кіші көлдер бар.

Ең ірі көл — Сабындыкөл (аудармасы «мыльное озеро»).  Суы өте жұмсақ болғандықтан осылай атанады.  Баян сұлу өзінің  әдемі шашын  жуып жатқанда, сабынын көлге түсіріп алған деген аңыз бар.

Таулар баурайының арасындағы қазаншұңқырда орналасқан көлемі бойынша екінші көл —Жасыбай Баянауылдың нағыз көркі болып табылады. Демалушылар жағажайдан ашылатын сұлу көріністің арқасында Жасыбайдың мөлдір және жұмсақ суында шомылуды жақсы көреді.  Аңыз бойынша  көлдің  жағалауында  қаза тапқан қазақ батыры Жасыбайдың есімімен аталған. Оның көлемі төрт шаршы метр, тереңдігі – жеті метр. Жасыбай көлінің айналасында көптеген жағажайлар орналасқан. Халық көптеген жылдар бойы  Баянауылдың тамаша  ауа райын  сауықтыратын орын ретінде жырлап келеді. Көлдің басында біршама демалыс орындары бар. Мысалы “Березка” демалыс үйінің маңайында адамдар шипалы балшықты жинайды .

Торайғыр көлемі жағынан үшінші және теңіз деңгейінен барынша жоғары орналасқан көл. Оның суы Жасыбаймен салыстырғанда сондай мөлдір болмағанмен балыққа бай, әсіресе сазан көп, сондықтан ол балықшылардың сүйікті орны.

Баянауылдың ең биік нүктесі –(1 027 м) –Ақбет тауы. Ел аузында бұл тау сүйіксіз адамға тұрмысқа берілгендіктен  таудың  төбесінен құлап өлген Ақбет деген қыздың атымен аталған деген аңыз бар.

Өңірдің көз тартар жерлерінің бірі – көлдің оңтүстік батысында орналасқан Әулиетас үңгірі. Үңгір төмендеген сайын тарылып 22 метрге дейін созылады. Оның ең түбінде ортасында ойығы бар тас жатыр. Сол шұңқырға төбеден және қабырғалардан аққан суық су жиналады. Жергілікті халық  арасында су  шипалы деп есептеледі.

Баянауыл тауларының құпиялы орындары – көркем сайлар. Сайлардың түбінде мөлдір бұлақ суы сарқырап жатады, таңқурай мен қарақат қалың тоғайы көз тартады.  Одна Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген, сирек кездесетін өсімдік – қырыққұлақ өседі.

«Кемпір тас» сайын сол жерде адамды жасартатын тірі су бар деген аңызбен байланыстырады. Ғалымдар сол жерден көп ғасырлар бұрын жасалған жартас жазбасын тауып алды.

Баянауылға келіңіздер!

Зеренді

Қияға ұшып, қиыр асып кетсең де туған жер, туған топырағыңды аңсай іздеп тұрасың. Ал Зерендіні бір рет көрсең ұмыта алмайсың…

zeranda

ЗЕРЕНДІ ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫ Ақмола облысы Зеренді ауданының табиғаты көрікті жерінде орналасқан. Аймақтың қыратты-төбелі жер бедері шоқылар және қырқалармен үйлесім тапқан. Олардың баурайында қайың, реликті шырша өскен орман қалыптасқан. Тоғай-ормандар, шатқалы мен таулы күмбездерімен әйгілі бұл жасыл аймақ тынық ормандарымен, хош иісті шөптерімен және қайын-қарағай сұлулығымен көз тартады. Құрамында озоны бар шипалы ауа бал қарағайлардың еңбегі. Орман ішінде туристер сүрлеу жолдар бойымен аяңдай алады. Машина және жаяу жолдардан басқа мұнда ат және велосипед жүретін жолдар салынған. Қыстыгүні шаңғы тебу мүмкіндігі де бар. Зерендінің ең басты спорттық оқиғасы –Халықаралық шаңғы марафоны, ол 1984 жылдан бастап жыл сайын наурыз айының соңғы жексенбісі өткізіледі. Марафонды  ұйымдастыруға бастамашылық еткендер – КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, еліміздің бірнеше мәрте чемпионы, ХІІ қысқы Олимпиада ойындарының және 1974 жылғы әлем чемпионатының иегері Иван Гаранин және «Қазақстан Республикасы шаңғы спортының ардагерлері әуесқойлық одағының» президенті Валерий Шаров.

Зеренді, Шалкар, Имантау және Айыртау табиғи аймақтарының таулы-орманды, өзен-көлді өлкелері 1996 жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бойынша құрылған «Көкшетау» ұлттық табиғи саябағына енеді. Саябақтың аумағы 135000 гектардан аса (543 мың ш.км қорғау жерлерін қоса) алқапты алып жатыр. Ұлттық саябақтың аумағында мемлекет қорғауына алынған 185 археологиялык, тарихи, сәулет және монументальды өнер ескерткіштері бар. Сырымбет ауылында, Сырымбет тауының баурайында 19 ғасырдағы ағаштан тұрғызылған сәулет өнерінің ескерткіші болып тыбылатын ұлы ғалым жерлесіміз Шоқан Уәлиханов отбасының қалпына келтірілген қонысы бар. Аталған қоныс негізінде тарихи-мемориалдық кешен ұйымдастырылды. Мұндай кешен Қарасай мен Ағынтай батырларға да арналып салынды. Ұлттык саябақтың өсімдіктер және жануарлар әлемі саналуан дәуірлер және байлықтар флорасы мен фаунасының өзара сирек ұшырасатын үйлесімі болып табылады. Көне дәуірдің қыналары мен қырыққұлақтары қазіргі ағаш және бұталы өсімдіктердің астындағы қабатында жатыр. Сібір тайгасына тән жануарлардың түрлері бұлан, сілеусін, орман, сусары, ақ қоян, ақ тышқан оңтүстік дала мен шөлейтті аймақта тіршілік ететін қарсақ, саршұнак, орқоян, күзен, суырлармен араласа өмір сүрүде.

Құстар мен балықтарға бай көлдер, шүйгін жайылымды жазық дала көне дәуірден бастап-ақ адамдардың назарын өзіне аударған болатын. Жаз болса өзінің ыстық лебін әкеліп, жеміс-жидек пен саңырау құлақтарын кең дастархандай жаяды. Ал көл сулары балықтардың түр-түріне молаяды.

Бұлардың барлығы, сондай-ақ, қол жетімді бағалары  Қазақстан, Ресей, ТМД және әлемнің басқа да елдерінен мыңдаған туристердің, споршылардың, өз денсаулығын оңалтқысы келгендердің қызығушылығын жыл сайын  арттыра түсіреді.

Зерендіге келіңіз!