Көзге көрінерлік жерлер

«Астана» – Бәйтерек» кешені

012

«Астана – Бәйтерек» монументі – бұл Астананың белгісі болып табылатын теңдесі жоқ құрылыс. 97 метр биіктікте шолу алаңы орналасқан одан Сіз Қазақстаннан тыс жерлерде де танымал ағаштың басына орнатылған алтын күн де, ішкі сәулеті де символ мәнді, үш аймаққа бөлінген және әлемнің үш негізін бейнелейтін салынып жатқан Қазақстанның жаңа астанасының көрінісін тамашалай аласыз. Металлдан, шыныдан және бетоннан жасалған «бәйтерек» әдемі, салынуы бойынша күрделі архитектуралық ғимарат: биіктігі 105 метр, салмағы 1000 тоннадан асатын металл құрылымы бес жүз діңгек қадамен ұсталынған. Күн сәулесінің әсерінен түсін өзгертіп тұратын «хамелеон» шыныдан жасалған диаметрі 22 метр және салмағы 300 тонна шар дүние жүзінде алғашқы рет рекордты биіктікті бағындырды. Жас Астанада бой көтерген аталған монумент архитектуралық жаңарудың, Астананың, Қазақстанның символы болып табылады.

«Астана-Бәйтерек» ЖШС кординаттары:
Астана, Сол жағалау,1
Байланыс телефондары: +7 (7172) 24 08 35, 24 16 88

Қазақстанның «Атамекен» картасы этно-мемориалды кешені

98b50844ffaa

Қазақстанды жан-жақты танытатын Қазақстанның «Атамекен» картасы, ол ашық аспан астындағы мұражай іспеттес. Картада ықшамдалып алынған табиғи-климаттық аймақтар мен ландшафтардың, сәулет өнерінің және қала құрылысының барлық түрлері орналасқан және көрсетілген. Аталған картадағы ең маңызды дүние – тарихи және мәдени ескерткіштер. Биылғы жылы саябақ өзінің бес жылдығын атап өтеді.

Қазақстанның «Атамекен» картасы этно-мемориалды кешені МКҚК координаттары:
Астана, Қорғалжың тас жолы, 2/1
Байланыс телефондары: +7 (7172) 22 16 36
Факс: +7 (7172) 22 16 37

«Думан» ойын-сауық орталығы – күмбезді кеңістік, океанариум және кинозал.

kazakh283Қазақстан үшін ойын-сауық индустриясында тағы бір жаңа модель – «Думан» орталығы, онда барлық отбасыңызбен демалуға болады. Үш мың километр қашықтықтан әкелінген Оңтүстік теңіздерінің тамшысы – океанариум қайталанбас, Қазақстандағы алғашқы және жалғыз аттракцион, «Думан» ойын-сауық орталығының жан жүрегі болып табылады. Ол: Океанариум, 3D Кинотеатр, дәмхана және сауда залы желілері, серуендеуге және демалуға арналған орталық аймақ, «Джунгли» аттракционы, боулинг, казино, көп функционалды және қонақ үй кешені сынды бірнеше аймақтан құрылған біртұтас құрылым. Күмбезді залдан Сіздер: Қожа Ахмет Яссауи кесенесін, Ұлы Қытай қорғанын, Галикарнас кесенесін, Азаттық мүсінін және тағы басқа көптеген дүниелерді көре аласыздар. Акватеатрдан қызықты теңіз көріністерін тамашалауға, жаныңда жүзіп жүрген акулаларды көруге болады. Кино залдағы дауыстың қаттылығы және арнайы көзілдіріктер көрермендерге өздерін экранда болып жатқан оқиғаның ортасында жүргендей әсер қалдырады.

«Думан» ойын-сауық орталығының координаттары:
Астана, Қабанбай батыр даңғылы, 4
Байланыс телефондары: +7 (7172) 24 22 22, 24 24 85
Факс: +7 (7172) 24 24 90

«Астаналық цирк» КМҚК

34_20090908_largeБылтырғы жылы Есілдің сол жағалауына сыртқы көрінісі «ұшатын тарелкаға» ұқсас цирк ғимараты салынды. Ондағы сәулет идеясы, оның жоғарғы технологиялармен іске асырылуы, ішкі құрылғының эргономикасы, кеңейтілген инфрақұрылымы барлығы да ерекше. Ең басты жетістік – алғаш рет құрылған цирк ұжымы. Акробаттар, эквилибристтер, үйретушілер, аттағы жігіттер, ауада өнер көрсететін гимнасттар, иллюзионистер мен сайқымазақтар цирктің кішкентай және ересек жанкүйерлерінің көңілдерін көтереді. Адамдармен бірге африка арыстандары, шотланд понилері, түйелер, аюлар, есектер, маймылдар және иттер сынды жануарлар да өнер көрсетеді.

«Астаналық цирк» КМҚК координаттары:
Астана, Қорғалжың тас жолы, 2/1
Байланыс телефондары: +7 (7172) 24 43 08, 24 40 59
Факс: +7 (7172) 24 43 10

«Конгресс-холл» КМҚК:

Конгресс-холл қазіргі уақытта тек қазіргі заманға сай концерт залы емес, сонымен қатар Астананың ең басты мәдени орталығы. Онда өтетін барлық іс-шаралар Қазақстанның жас астанасының мәдени және саяси қалыптасу өмірінің тарихына кіреді. Конгресс-холл барлық әлемдік стандарттарға сәйкес келеді: алты қабатта 158 бөлме және 1600 орындық көрермен залы орналасқан. Оркестр және балет залының, мейрамхана және қонақасы беретін залдың инфрақұрылымы кең және ойластырылып салынған. Тамаша акустика, кеңейтілген сахна және «люкс» сыныпты грим бөлмелері әлемдік деңгейдегі өнер жұлдыздарын қабылдауға мүмкіндік береді. Сарайдың фойесі кең және жарық, ауқымды көрмелер мен жәрмеңкелерді өткізу үшін өте ыңғайлы етіп жасалған.

«Конгресс-холл» КМҚК координаттары:
Астана, Бейбітшілік к-сі, 1/1
Байланыс телефондары: +7 (7172) 75 22 00, 75 23 60
Факс: +7 (7172) 75 26 00

«Жастар» сарайы МКҚК

«Жастар» сарайы – қала тұрғындарының сүйікті орны, атап айтқанда ғимарат жергілікті сәулет өнері мен тарихының ескерткіші болып табылады. Бұл көрермендердің жалпы санын 1400 дейін жеткізу мүмкіндігі бар көрермен залы мен спорт залы сынды ірі кешендердің өзара байланыс және трансформация жүйесі жүзеге асырылған төрт қабатты ғимарат. 2001 жылы жасалған қайта жаңартудан кейін сыртқы келбеті қазіргі заманға сай материалдармен қапталды. Бұған қоса әдемі, мерекелік жалпы сыртқы көрінісі сақталғандай, құрылымдық шешімдері де сақталған. «Жастар» сарайы – қала тұрғындарының қоғамдық және ойын-сауық өмірінің тоғысатын жері. Қазіргі уақытта бұнда 1000 аса балалар мен жасөспірімдер және 100-ден аса еңбектеніп жатқан жастардың өкілдері шығармашылықпен айналысуда.

«Жастар» сарайы МКҚК координаттары:
Астана, Республика даңғылы,34
Байланыс телефондары: +7 (7172) 32 80 91, 32 67 81
Факс: +7 (7172) 32 80 65

«Нұр-Астана» орталық мешіті:

34692«Нұр-Астана» орталық мешіті 2005 жылғы 22 наурыздан бастап Астананың сол жағалауының ғажайып келбетіне, жаңа бір көз тартатын ғимаратына айналды. Бұл жерде ол үйлесімді орналасқан. Шығыстың әсемдігі шыны, бетон, болат, гранит және алюкобонд әсемдігімен өріліп, ойластырылып салынған. Бес мыңнан астам дінге сенетін адам мешіттің шамамен төрт мың шаршы метрінде, тағы екі мың келуші оның алдындағы алаңда намаз оқи алады. Әр біреуі 62 метр төрт мұнара мәңгілікке бірге жинақталған, ал алюминь мен алтын жалатылған күмбездер қаланың іскер адамдарына рухани игіліктер туралы ұмыттырмайды.

«Нұр-Астана» орталық мешітінің координаттары:
Астана,сол жағалау
Байланыс телефоны: +7 (7172) 24 40 12